Нұр-Сұлтан
Қазір
-11
Ертең
-8
USD
524
-0.16
EUR
545
-0.85
RUB
5.11
+0.02

Қазақстандағы ең шулы сот процестері: Әкежан Қажыгелдин

384
Сурет: bun.com.ua

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен айыпталғандар көп болды, бірақ олардың кейбіреуі шетелге қашып кетті. 365info порталы ең шулы сот процестері туралы жарияланымдар топтамасын бастайды. Әкежан Қажыгелдин 1994 жылдың қазан айынан 1997 жылдың қазан айына дейін Қазақстан үкіметін басқарды. Кейіннен ірі сыбайлас жемқорлыққа қатысты даудың ортасында болып, ол соттасумен аяқталды.

35 том айыптау

Экс-премьер Әкежан Қажыгелдиннің 2001 жылы болған сотын баспасөз құралдары тәуелсіз Қазақстанның тарихында  осындай жоғары лауазымды шенеунік үстінен жүргізілген алғашқы сот процесі деп атады. Алайда

Қажыгелдиннің өзі елде болмаған еді, ол шетелге қашып үлгерді

1999 жылы оған халықаралық іздеу жарияланды. Қашқынды екі рет Ресей мен Италияда Интерпол ұстады, бірақ ол Қазақстанға жіберілмеді. Италиямен екіжақты құқықтық көмек туралы келісімшат болған жоқ. Ал Ресейде ол «денсаулығы нашар екенін айтып, бас прокурор Ю. Хитринге тергеу орындарына өзім келем деп уәде берген».

Сондықтан тергеу де, сот та сырттай өтті. Қажыгелдиннің өзі процесс барысында АҚШ-та тұрып жатты.

Масс-медиа

тергеу материалдары 35 томға, ал куәгерлердің саны 75 адамға дейін жетті деп атап өтті

Олардың ішінде түрлі лауазымдағы бұрынғы және қазіргі  мемлекеттік қызметкерлер, сонымен қатар, шетелдік азаматтар да бар.

Оны сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасады деп айыптады: бопсалаушылық, қызметін асыра пайдалану, мемлекет бюджетін талан-таражға салу. Сондай-ақ айыптаулардың ішінде салықтан жалтару, оқ ататын қаруларды заңсыз ұстау және т.б. секілді алдығы тізімдегі қылмысының көлеңкесінде қалып қоятын істер де бар.

Жарты миллион долларлап  пара алған

Бұрынғы министрлер кабинетінің басшысы түрлі жолмен пара алған. Барлығын тергеушілер сотта дәлелдеді.

Қажыгелдин 1995 жылдың көктемінде  «Қазахмыс» Корпорациясы» АҚ президенті Владимир Кимнен пәтеріне жөндеу жұмыстарын жүргізіп беруін талап еткен. Жөндеу Кимнің есебінен жүргізілуі керек болған. Оған 180 мың АҚШ доллары кетеді.

— 1995 жылдың қыркүйек айында Қажыгелдин өзінің премьер-министрлік өкілеттілігін пайдаланып, кәсіпкер Е.Оразбаевтан оның жекеменшігіне қайтарымсыз түрде Белгияның территориясынан жылжымайтын мүлік сатып алып бер деп бопсалаған,  — дейді іске қатысты материалдарда.

«Келіссөздер» ұзаққа созылса керек, жылжымайтын мүлікті тек 1996 жылдың наурыз айында ғана сатып алып берген, бірақ бірден екі нысан алынған.

Үй мен жер учаскесінің (түрлі аудандарда) құны 2,5 млн АҚШ доллары

1998 жылдың наурыз айында мүлік оның жары Наталья Қажегелдинаның атына жазылған фирмаға қайта рәсімделген.

1996 жылдың соңында экс-премьер Владимир Кимнен тағы ақы төлеуді талап етеді. Бұл жолы әңгіме брондалған «Мерседес-Бенц 600 S» сатып алуға қажетті 200 мың доллар туралы болды. Оның талабы орындалды.

1997 жылдың көктемінде Қажыгелдин сол кәсіпкерден тағы да бір жаңа автокөлік талап еткен. Бірақ бұл жолы арзандау, «бар-жоғы» 57 мың доллар тұрады.

Айыптаушы тараптың сотта есептеуі бойынша,  Владимир Ким жалпы алғанда жарты миллион доллардай қаржы жұмсаған.

— В. Ким премьер-министрге не үшін пара бергенін былай түсіндірді: сол кездері «Қазақмыс» «қиын кезеңді бастан кешірді» — қызметкерлердің жалақысын төлеу бойынша үлкен қарыздар, сонымен қатар басқа да проблемалар болды. Бұндай жағдайда үкімет басшысымен «жақсы қарым-қатынаста» болу керек еді, — деп жазды «Апта жаңалықтары» басылымы.

Ұрлау және асыра пайдалану

Экс-премьерге бопсалау мен парадан басқа, өкілеттілігін асыра пайдалана алғаны үшін бірнеше айып тағылды. Мемлекетке келтірген шығыны одан да көп екені анықталды.

1995 жылдың бастапқы кезеңінде Қажыгелдин үкімет отырысын өткізбестен, өзінің шешімімен «Дәулет» кәсіби-спорт клубын сырттан әкелінетін тауарларға салынатын импорттық баж салығы мен  кедендік акциздерден босату туралы» №108  қаулыны шығарып, қол қойған. Құжат сол уақытта қолданыстағы заңға қарама-қайшы келген.

— «Дәулет» клубының басшылығы осындай сыйлықты қалай қолданды? жеңілдетілген талаптармен 1 млн доллар кредит алып, оған импорттық темекі, сыра және арақ, бірнеше шетелдік көлік сатып алып, сауда-саттықпен айналысқан. Алайда

сот түскен пайданың қанша пайызы спортты дамытуға жұмсалғанын анықтай алмады,

—деп жазды сол кезде  «Казахстанская правда».

Айыптаушы тарап республикалық бюджеттен 118 млн теңгенің есебі жоқ деген ақпарат берді.

(Ескерту— 1995 жылдың соңында  1 АҚШ доллары 63,95 теңге болды )

1995 жылғы 19 желтоқсанда Қажыгелдин «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» ашық үлгідегі акционерлік қоғамын жекешелендіру тәртібі туралы» Үкіметтің №1815 қаулысына заңсыз қол қойды. Мүдделі министрліктер мен ведомстволар теріс қорытынды берді, бірақ оларды ешкім тыңдамады. Шығын бір жарым млрд теңгені құрады.1996 жылғы 26 сәуірде жаңа қаулы — «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігін директивалық кредит бойынша проценттер төлеуден босату туралы» жаңа қаулы шықты. Шығынның жалпы сомасы тіпті алдыңғы саннан асып, 1,6 млрд. теңгені құрады.

1996 жылдың шілдесінде Қажыгелдин  «Екібастұздағы ГРЭС-1-ді жекешелендіру туралы»  жаңа қаулы шағарады.

Сол уақытта 23 млрд теңгеге бағаланымен, оны жабық тендерде 100 миллионға сатып жібереді

1997 жылдың 24 қаңтарында Қажегельдин «Қазақстан Республикасының Қара металлургия және алюминий ішкі саласының шикізат базасы кәсіпорындарының өнім шығару көлемінің өсуін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» №100 қаулысын өз бетімен шығарып, қол қояды.

— Нәтижесінде мемлекетке келтірілген жалпы шығын 4 млрд 965 млн 600 мың теңгені құрады, оның 2,3 млрд-ы Соколов-Сарыбай тау-кен өндірістік бірлестігіне және 2,7 миллиардыы «Қазақстан алюминийі» АҚ-ға тиесілі», — делінген материалдарда.

Сот іс жүзінде нүкте қойды

Айыптау тарабы Қажыгелдинді мүлкін тәркілеп, жалпы режимдегі колонияда он екі жылға бас бостандығынан айыруды талап етті. Сондай-ақ, соттан 6,6 млрд теңге көлемінде азаматтық талап қоюды сұрады.

Сот оны 311-бабының 4-бөлігінің а, в, г-тармақтарында; 308-бабының 1-бөлігінде; 251-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеп, жалпы режимдегі колонияда 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Алматы қаласындағы пәтері, Род-Сент-Женез жеріндегі сарайы және Ле Мануардағы (Бельгия Корольдігі) жер учаскесі, сондай-ақ «Мерседес-Бенц-600S», «Тойота-Ландкрузер» автомобильдері тәркіленді. Мемлекет пайдасына сот шешімі бойынша Ә. Қажыгелдинге тиесілі  9 960 акциясымен бірге «Семей» ФПГ , сондай-ақ оның 1997-1999 жылдары есептелген дивидендтерді қоса алғанда тәркіленуге тиіс.

Сот экс-премьерден 1 млрд 677 млн 852 мың теңге шығын өндіруді талап ететін мемлекеттік айыптаушылардың талабын қолдады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз