Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Қазақстандағы бензин дағдарысы қашанға дейін жалғасады?

Жағдай Астанада да оңбай тұр. Мұнда да ұзын-сонар кезек. Тек талонмен ғана сатып алуға болады. Жанармай жетіспеушілігі еліміздің басқа өңірлерінде де байқалады. Бірақ, мұның себебін ешкім түсіндіріп бере алатын емес. Депутат Мәулен Әшімбаев жанармай бекеттері бензинді әдейі жасырып отыр дейді.

“Әлемдік нарықтағы мұнай бағасы тұрақтала бастаған кезде осындай жағдай болып отыр. Негізінен бағаны осылай көтеру арқылы біздің өндірушілер өздерінің табыс көлемін арттырып алғысы келеді. Менің көзқарасым бойынша, бұл белгілі бір шеңбер арқылы ақша тапқысы келетіндердің істеп отырғаны. Бұл жағдайды үкімет бақылауға алып, бір шешімін шығаруы тиіс”, – деді ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаев.

Қазір антимонополистер тексеріске кірісіп кетті. Егер расында бензинді жасырып отырғандары дәлелденсе, онда оларды ірі көлемдегі айыппұлдар күтіп тұр. Дегенмен Атыраудағы мұнай өңдеуші зауыт Аи-92 бензині өндірісін 14 тоннаға дейін ұлғайтпақ. Мұндай жағдайда басқа маркалы бензин көлемі азайтылады.

“Ресей Федерациясынан жасалатын тасымалдың арқасында қысқа мерзім ішінде өңірлердегі проблема реттеледі деп ойлаймын”, – деді ҚР энергетика вице-министрі Әсет Мағауов.

Әзірге мамандардың айтуынша, еліміздегі жанармай жағдарысы желтоқсанда аяқталуы мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз