Қазір ер адамдар үстемдік ететін дәстүрлі әдет кең тарады. Бұны өзертетін уақыт пен жаңа идеялар ұсынатын қайраткерлер керек.
— Бүгінгі қоғамдағы гендерлік көзқарастарды қалай сипаттар едіңіз?
— Біздің гендерлік ерекшелігімізді қалыптастыратын категориялар мәдени дәстүрден бастау алған. Сондықтан, бізде гендерлік мәселелер туралы талқылағанда логикалық және нақты дәлелдердің орнына, эмоцияларға сүйенеді.
Әсіресе білімі төмен адамдар гендерлік проблемаларды талқылағанда көбірек эмоцияға беріледі, себебі олардың еркек пен әйел туралы көзқарастары таяз
Біздің тарихымыздың ерекшелігіне сәйкес, осы түсініктерге аристократтық мәдениеттің ықпалы аз. Олар төменгі мәдениет шеңберінде қалыптасқан атрибуттарға негізделген.
Тарихи тұрғыдан еркектер мен әйеллер арасындағы қарым-қатынаста иерархиялық қарым-қатынас басым, ал заң жүзінде олар тең.
— Бізге гендерлік теңдіктің жаңа идеологиясы керек шығар?
— Экономика сияқты, біздің қоғамның әлеуметтік-мәдени құрылымы аралас түрге жатады. Онда бір мезгілде дәстүрлі, кеңестік индустриялық және қазіргі заманғы-либералдық мәдениеттің нормалары бар. Бірақ либералды емес, дәстүрлі бастама басым.
Тек саяси шараларға сүйене отырып, мәдениетті өзгерту, қандай да бір идеологияны таңуға тырысу мүмкін емес
Жаңа құндылықтар мен нормаларды мәдениет қайраткерлері қалыптастырады, ал олардың нәтижесі төмен. Егер оларды халықтың басым көпшілігі қабылдаса, жаңа мәдени нормалар бекітілуі мүмкін.
— Гендерлік теңдікке қол жеткізу үшін көлденең түрдегі қатынастарды құру керек. Олар дәстүрлі тік қатынастардың орнын алмастырады.
Қоғамдағы иерархия құндылығының жоғары деңгейі мен ондағы гендерлік теңсіздік деңгейі арасында тұрақты байланыс бар
Эгалитарлық мәдениеті бар қоғамда гендерлік теңдікті орнату мүмкіндігі көбірек. Мысалы, Скандинавия елдеріндегі ерлер гендерлік теңдікті жақтайды. Онда компания басшылығы мен мемлекеттік мекемелерде әйелдердің үлесі жоғары. Фин Үкіметінде бірнеше әйел министр бар және оны да әйел басқарады. Бұған қоғамның көзқарасы да түзу.
— Бірақ теңдікке қол жеткізу үшін, ұзақ та күрделі жолдан өту керек қой…
— Бүгінгі таңда Батыс гендерлік теңдік туралы түсініктерді тарату орталығы. Бірақ онда да гендерлік мәселелермен келген өзгерістер қиындықсыз енгізілген жоқ. Әйелдерге сайлау құқығын беруді талап еткен бірінші Батыс Еуропалық белсенділерді соққының астына алған. Дауыс беру құқығын алу үшін Батыс Еуропа елдерінің әйелдеріне бірнеше онжылдық қажет болды. Кейіннен суфражист әйелдердің мұрагерлері ретінде феминисттер әйелдер мен ерлердің құқықтарын теңестіру жөніндегі талаптарды кеңейтіп, әйелдерді кемсітушіліктің барлық түрлерін жою үшін күресті.
— Қазақстандық қоғамға формальды емес, нақты теңдікке қол жеткізу үшін қанша уақыт қажет?
— Біз иерархиялық құндылықтарды айқын ұстанатын қоғамбыз, бұл гендерлік қатынастарға сөзсіз әсер етеді. Біздің әйелдер үшін де иерархиялық мінез-құлық тән.
Біздің басшылық қызметтегі әйелдер арасында ерлерден кем емес тирандар бар
Кейде олардың дөрекілігінде шек жоқ.
Иерархия құрметтелетін қоғамда, көргенсіздік пен дөрекілік жаппай таралған, онда гендерлік теңсіздікті де өзгерту қиын
Біздің адамдарымыздың ойы мен эмоциясында иерархияға деген қажеттілік орнығып алған. Мұндай түсініктерден әлсіз әйелдер зардап шегеді. Мұндай тәртіпті өзгерту керек, бірақ неғұрлым эгалитарлық тәртіпке, оның ішінде гендерлік қарым-қатынаста жылдам және тікелей жол жоқ екенін түсінген жөн.
— КСРО-да гендерлік теңдік жарияланды емес пе? Онда неліктен біздің қоғамға жетпей қалды?
— Кеңес кезінде қол жеткізілген теңдік уақытша болды. Кеңестік жүйе гендерлік қатынастарға айтарлықтай өзгеріс енгізді. Бірақ патриархалдық қоғам негіздері өзгеріссіз қалды, еркектердің босымдылығы сақталды.
Одақ тарағаннан кейін дәстүрлі әлеуметтік мәдени нормалар қайта жанданғандықтан, патрирархалдық басымдыққа ие болды
Кеңестік дәуірден кейінгі шындық гендерлік теңдікке, қазіргі заманғы басқа да қоғамдық қатынастарға тікелей жол жоқ екенін дәлелдеді.
— Бірақ бұл үлгі болардың біреуді күтіп отыру қажет дегенді білдірмейді. Күн сайын қазіргі, соның ішінде гендерлік қатынастарды өзгерту үшін жұмыс істеу керек. Бірақ ол тез арада өзгермейді. Қазір бізде аяғы нәтижесіз ұрандар ғана бар. Бірақ құр ұраннан еш нәрсе шықпайды. Жаңа нормаларды орнықтырып, өзгерту үшін белсенді түрде жұмысқа кірісу керек. Жаңа көзқарастар мен пікірлерлің қалыптасуына ықпал ететін феменист авторлар шығуы керек.