Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Қазақстанда жолаушылар вагондары жаңартылып жатыр

Жаңа шарттар бойынша жасасқан қаржыландыру келісімшарттарына сәйкес ағымдағы жылдан бастап тасымалдаушылармен әлеуметтік маңызы бар бағыттарға жаңа жолаушылар вагондарын деңгейлі сатып алу жұмыстары жүргізіледі.

Атап айтқанда, Қызылорда-Петропавл бағытындағы пойыз құрамы 56 пайызға немесе 13 ресейлік плацкарт вагондарымен жаңартылды.

Сонымен қатар Қостанай-Арқалық және Қостанай-Қарағанды бағыттарындағы пойыздар құрамында жүріп тұратын жолаушылар вагондары паркінің 50 пайызы немесе 12 бірлігі жаңартылды.

Жаңа вагондар қадағалау, диагностика және вагонды басқару жүйесімен, ауа салқындатқышпен, вакуумдық био дәретханалармен, өрт сөндіру жүйесімен, тоңазытқыш және микротолқынды пешпен жабдықталған.

Сонымен қатар жолаушылардың ыңғайлылығы үшін жеке электр қуаттағыш көздері қарастырылған. Жолаушылар вагондарын кезеңді жаңарту шаралары алдағы жылдары жалғасатын болады. Бұл өз кезегінде қазақстандық жолаушы вагондары паркінің тозу деңгейін төмендетуге және халыққа теміржол көлігімен қолайлы жүріп-тұруына мүмкіндік береді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз