Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Қазақстанда тағы бензин қымбаттауы мүмкін

Енді жанармай құю бекеттерінің иелері биліктің бұл талабына қарсы талап қоятындарын айтып отыр. Яғни, бензин бағасын қымбаттатпақшы. Өйткені, жаңа қондырғыны орнату арқылы олар қосымша шығынға ұшырайды екен. 1 қондырғыны орнатудың құны шамамен 5 миллион теңге.

Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары осынау талап арқылы жанармай сататын кәсіпкерлердің шынайы табысын анықтаймыз деп алақан ысқылап отыр. Егер жаңа қондырғыны орнатпаса олар 500 мың теңгеге дейін айыппұл төлейтін болады.

Мұнай-газ нарығын зерттеп жүрген сарапшы Сергей Смирновтың айтуынша, жаңалықтың оң және теріс тұстары бар. Жақсы жағы: енді жанармай сатушылары сапасыз бензин мен сапалысын араластырып сата алмайтын болады. Өйткені, жаңа қондырғы бензиннің құрамын да анықтап отырады. Бірақ, мұның салдарынан жанармай бағасы міндетті түрде қымбаттамақ.

“2025 жылы ортақ экономикалық кеңістік елдері арасында ортақ энергетикалық нарық құрылады. Яғни, бұл елдердің бәрінде жанармай бағасы теңестірілмек. Демек, баға Ресейдің нарығына ыңғайластырылады. Ол жақта жанармай құны біздікінен әлдеқайда қымбат”, – дейді С.Смирнов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз