Нұр-Сұлтан
Қазір
-10
Ертең
3
USD
426
+0.41
EUR
495
+0.06
RUB
6.14
+0.08

Қазақстанда сотталған бір адамды асырау үшін қанша қаражат жұмсалады

Еңбекке жарамдылардың ішінде 72,2 пайызы жұмыс істейді. Олардың барлығы айлығын алып отыр. Олардың орташа айлығы шамамен 22-30 мың аралығында. Атқарылған жұмыс еңбек өтіліне есептеледі.

Сотталғандардың айлығы ақшаны уақытша сақтаудың қорытынды басқару есебіне (ҚБЕ) аударылады.

Барлық төлемдер мен аударымдар сотталғандардың өтініші бойынша ҚБЕ-ден қолма-қол ақшасыз жүргізіледі. ҚБЕ-ден банк карточкасына айлық тек қауіпсіздігі минималды мекемелерде қамалғандарға ғана аударылып отырады.

Барлық облыстар мен түзеу мекемелерінде «Еңбек» РМК филиалдары жұмыс атқаруда. Қамалғандар жұмыс кезінде металл өңдеу, ағаш өңдеу, құрылыс материалдары, ауыл шаруашылығы өнімдері, тоқыма бұйымдарын өндіріп, күзет және видеобақылау жүйесінің инженерлік-техникалық саймандарын монтаждау және жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

Сонымен қатар, шағын және орта бизнестің субъектері тартылады. Осы жылдың басынан бастап 251 бизнесмен өндірістік алаң сенімгерлік басқаруын мойнына алып, осының арқасында 3 мың сотталған адам жұмыспен қамтылған.

Сонымен бірге, тағы 9 бизнесмен ағаштан кәдесый жасау, етік тігу, ұлттық бұйымдарды әзірлеу бағытында жеке өндірісін жолға қойып алған.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз