Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-2
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

Қазақстанда пандемия кезінде 3 жаңа миллионер пайда болды – депутат

122
Ирина Смирнова, фото total.kz сайтынан алынды

Өндірушілер мен шағын дүкендердің иелері дабыл қағуда – олар бір айдан бері шығынға ұшырауда:

“Адамдардың ақшасы жоқ”, — деп жазды Facebook-тегі парақшасында Aksay Group-тің негізін қалаушы Денис Кулкин. – “Наурыздың соңғы үш аптасында біздің орташа күндік кассамыз 1,1 млн болса, сәуір айының басында — күніне 0,7 млн. Дүкендер шағым айтуда – сіздің өнімдеріңіз ғана сатылымы азайған жоқ, басқаларға да сатылым төмен. Ұсақ бәсекелестер тіптен бас көтере алмай жатыр. Тіпті Ақсай наны да сөрелерде қалып қоюда! Дүкендер жұқа нан пісіретін кәсіптердің сауда өкілдеріне тапсырыс беруден бас тартуға мәжбүр, өйткені кірпіш нан қалып қойып жатыр. Көгерген нанды иттерге беруде.

Біздегі сауда, айтпақшы, бұл өте жақсы экономикалық индикатор, халықта ақшаның бар-жоғын саудаға қарап білуге болады

Күнбе-күн біліп отырасың. Айдың басында сауда әрдайым төмен болады, әдетте 7-10-на дейін, содан кейін еңбекақы беріліп, адамдар дүкеннен ең қажеттісін ғана емес, керек-ау дегендерін де алып кететін. Бірақ осы айда күрт төмендеді… Осыған байланысты, жоғарыдағы біреулер бағаның өсуін бақылауға тырысуда. Қажет емес! Көп ұзамай олардың өздері-ақ төмендей бастайды. Адамдарда ақша жоқ. Сондай экономикалық заңдылықты білесіз ғой, иә? Төлем қабілеті төмендесе, өндірушілер тұтыну қоржынына қандай да бір жолмен ену үшін бағаны төмендетуге мәжбүр болады”.

Үнемдеу дағдысы

Депутат Ирина Смирнова ритейлерлерге қаржылай қолдау көрсетудің орнына мемлекет кедейлерге тікелей көмектесуі керектігін айтты. Сонда олар өздеріне тамақ сатып ала алады.

– Өндірушілер тек бірінші кезекте қажеті аздау тауарлардың ғана емес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің де сатылымы төмендегенін айтады. Адамдарда ақша жоқ. Мемлекет не істеуі керек?

— Біздің жасаған талдауымыз көрсеткендей, адамдардың шынымен де сатып алу деңгейі төмендей бастаған. Мұның бірнеше себебі бар.

Біріншісі – кедейлік. Себебі адамдар жалақы ала алмауда. Алса да, толық емес. Бизнес қайта-қайта тоқтауда немесе ол мүлдем жойылатындай немесе қайта құрылатындай жағдай туындауда. Мен бірінші кезекте шағын және орта кәсіпорындар туралы айтып отырмын. Тамақтану және қызмет көрсету салалары ең көп зардап шекті –кафелер, шаштараздар, фитнес-клубтар, шағын дүкендер. Олар уақытынан бұрын жабылған немесе демалыс күндері жұмыстары шектелген жағдайда, адамдар олардың қызметтерін мүлдем пайдалануды тоқтатады.

Мысалы, менің достарым өздерінің шаштарын өзері қиуды үйреніп алды. Оның үстіне, әлеуметтік желілерде шаш қиуды үйрететін бейнероликтер көп. Машинка сатып алу жеткілікті

Көп ұзамай, олар тәжірибе жинақтап алған кезде, оларға шаштараз қызметі мүлде қажет болмайды. Менің достарым сияқтылар елімізде жалғыз емес.

Екінші себебі – үйлердің астындағы дүкендер ыңғайсыз жұмыс кестесі мен шектеулерге, сондай-ақ ғаламтордағы сауданың қарқынды дамуына байланысты дағдарысқа ұшыраған. Ешкім де шығынға жұмыс істегісі келмейтіні түсінікті. Әзірге біздің салық қызметкерлеріміз шағын және орта бизнесті жаңғыртудың  жаңа нұсқаларын іздеп жатқанда, адамдар үйден шықпай-ақ, диваннан тұрмай-ақ сатып алуды жөн көреді.

Кинотеатрлардың да жағдайы осындай. Оларды екі күнге ашады, содан кейін қайтадан жабылады. Көрермендер киноға баруды ұмытады.

Кешкі сағат 10-да мейрамханалардың жабылуы –келушілердің ынтасын жоғалтады. Адамдар жеке үйлерге барады

Тұрғын үйді жалға беру туралы кез-келген ресурстарды қарасаңыз, онда үлкен үйді бір күнге арзан бағаға жалға алуға болатын көптеген жарнамалар пайда болған. Адамдар мерекелік шараларды сондай жерлерде атап өтуде. Әрине, ешқандай санитарлық-эпидемиологиялық бақылау туралы сөз де жоқ – жабық көңілді кештер жабық есіктің артында өтіп жатыр. Адамдар демалыстың осындай жаңа нұсқасына да үйреніп келеді.

Бизнес көлеңкелі болып барады

– Бақылау органдарының айыппұлдары мен басқа да талаптарын азайту үшін бизнес көлеңкелі болып барады. Ал көлеңкеде әдетте орташа жалақы мен заңсыз жұмысшылар. Кедейлік айқын көрініп тұр. Әлбетте, бір жылдық шектеу шараларының әсерінен адамдар өздерін сатылым жасауда шектеуді үйренді.

Егер азық-түлік дүкендері сатып алу қабілетінің төмендегенін байқаса, киім дүкендері туралы не айтуға болады? Қашықтан жұмыс істеген кезде гардеробты жаңарту қажеттілігі жоғалады.

— Бір жыл бойы бір көйлекпен жүру қалыпты жағдай, бірақ өндірушілер адамдардың тіпті қажетті өнімдерді сатып алуда да шектеу қоя бастағанын айтады. Тіпті нанды да.

– Ақша жоқ. Бағалар өсуде. Бізге адам сенбейтіндей 6-7% деп айтады, бірақ мен өсімдік майы мен ет бағасының төрттен бір есе немесе одан да көп есе өскенін өз көзіммен көріп жүрмін. Бұл не деген сөз? Адамдар макаронға ауысады. Бұл теңгерімсіз тамақтану өмір сапасының төмендеуіне, денсаулықтың нашарлауына, соның ішінде балалардың физикалық тұрғыдан дұрыс дамымауына әкеледі.

Сондықтан мемлекет азаматтарға мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдар мен банктер арқылы делдалдарсыз, тікелей көмектесуді қолға алуы тиіс

Біз осы туралы айтып келеміз. Басқа елдердің тәжірибесіне қарау керек. Мысалы, Ұлыбританияда локдаун жариялағанда және адамдарды өзін-өзі оқшаулауға ауыстырған кезде оларға жалақыларының 80%-ын төлеуді жалғастырады.

Бізде неге екені белгісіз бюджеттің ақшасын “Еңбек” бағдарламасына және Жұмыспен қамтудың Жол картасына беру қажет деп есептеледі, олардың қайда кетіп жатқаны белгісіз.

Нәтижесінде 1 трлн теңге 15 мың тұрақты жұмыс орнын және бірнеше айға созылатын 242 мың уақытша жұмыс орнын құруға жұмсалады. Бұл тиімді шығындар ма? Менің ойымша – жоқ

Әйтеуір бір креативті экономика пайда болады. Өмір сүруді ғана ойлаған кезде қайдағы креатив? Кедейленген халықты құтқару керек. Мемлекет ата-аналары нақты бір себептермен жұмыс істей алмайтын қаншама аз қамтылған отбасы бар екенін жақсы біледі. Мұндай отбасылардың балалары қарны тойып тамақ жемеумен қатар, қалыпты оқи да алмайды және дамымайды. Бірақ олар да өседі, жетіледі емес пе.

Кедейлер кедейлене береді, байлар байи түседі

– 2019 жылдан бастап ҰЭМ ірі сауда желілеріне субсидия беру арқылы әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасының өсуін тежеуде. Алайда, біз көріп отырғандай, тіпті ресми статистика да бағаның өсуін жалғасып келе жатқанын растауда. Демек,  мемлекеттің бағаны өсірмеуге жұмсаған күш-жігері бекер ме?

— Біз тиімділік тұрғысынан ешкімге түсініксіз болып отырған ірі бизнеске көмек берудің орнына азаматтарға тікелей көмектесу керек екенін көптен бері айтып келеміз. Себебі адамдарда ақша пайда болған кезде олар оны жұмсауға тырысады.

Себеттегі адамдарға шын мәнінде қажетті әлеуметтік маңызы бар өнімдер аса көп емес.

Тауарлардың белгілі бір тобына бағаның өсуін тежеу баға өсуіне қатысты барлық қиындықтарды шешпейді. Адамдар тек тамақ қана ішпейді

Олар емделеді, оқиды және коммуналдық қызметтерді пайдаланады. Демек, азаматтардың өтініші бойынша оларға тікелей қолдау көрсету керек.

– Алайда кедейліктің жалпылама көрінісіне қарамастан, адамдар амалын тауып пәтер, көлік сатып алып, үйлену тойларын өткізуде. Демек, кедейліктің ауқымы біз ойлағандай үлкен емес пе?

– Байлар байи түсуде, кедейлер кедейленіп барады. Мектептердегі жағдайға қарай шамамен цифрларды атай аламын. Әрдайым мектеп оқушыларының 10-20%-ы тұрмысы төмен отбасылардан болып шығатын. Қазіргі таңда Қазақстанда 1 млн кедей отбасының балалары бар.

Соның аясында Қазақстанда пандемия кезінде долларлық 3 миллиардер пайда болды

Біз оқушыларға арналған планшеттер мен компьютерлерді қалай сатып алынғанын білеміз. Кейбір ұйымдарға тексеріс жүргізілуде. Бірақ қиын кездерде байығандар әлдеқайда көп.

Ковидтің алдын-алу және күресу үшін бұрын-соңды болмаған 18 миллиард доллар жұмсалды. Ол ақшаны кім көрді? Осылайша соңғы жылы Қазақстанда өте кедейлер мен өте байлар арасындағы алшақтық одан сайын арта түсті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз