Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
19
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Қазақстанда Нан күні тойланады

229

«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 16 қыркүйектегі № 691 қаулысына қол қойылды. Қаулы Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы« Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 2017 ж., № 53, 343-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесінде: мынадай мазмұндағы 36-2-тармақпен толықтырылсын:

«36-2. Нан күні – 16 қазан»; 44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «44. Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні – қарашаның үшінші жексенбісі».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз