Қызылорда облысында Microsoft академиясы мен инновациялық-инжинирингтік орталық ашылады. Бұл туралы өңір басшысы Қырымбек Көшербаев ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен брифингте айтты.
Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.
«Өткен жылдың сәуір айында Қызылорда өңірі республика облыстарының ішінде алғашқы болып Microsoft компаниясымен ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды. Ал шілде айынан бастап жоғары білікті мамандар онлайн режимде білімін шыңдауға кірісті. Сонымен қатар, біріккен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің базасында Microsoft академиясын ашу туралы уағдаластық», – деді әкім.
«Мәскеудің болат және қорытпа институтымен Қызылордада инновациялық-инжинирингтік орталық ашу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Орталық жаңа материалдар мен машина құрастыру технологиясы саласында жұмыс істейді», – деді өңір басшысы.