Билік Қазақстан өзін-өзі азық-түлікпен қамтамасыз ете алады дейді. Статистикаға сүйенетін болсақ, солай да шығар, бірақ кейбір мәселеге қатысты сұрақтар туындайды.
Бұған қатысты ресми статистика не дейді?
Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің тізімі 19 атаудан тұрады. Оларға еттің екі түрі (сиыр еті мен тауық еті), сүт өнімдері (айран, сүт, сүзбе, сары май), бакалея (ұн, макарон, күріш, қарақұмық жармасы, күнбағыс майы, қант, тұз), көкөністер (картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат), сондай-ақ жұмыртқа мен нан жатады.
Олардың көпшілігі бойынша теориялық тұрғыдан Қазақстан өзін-өзі қамтамасыз ете алады–
өндірістің жылдық көлемі ішкі нарықтағы өткізу көлемінен артық
Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің кейбірі (ұн және күріш сияқты) шетелге экспортталады. Әсіресе, қазақстандық ұн, жұмыртқа және сүт өндірушілердің позициялары күшті – олар ішкі нарықтың 95%- дан астамын бақылайды.
Екі проблемалық позициялар бар. Біріншісі – қант. Статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2019 жылы республикада 197 мың тонна өнім өндірілді, импорт 250,9 мың тоннаны құрады. Дегенмен, мұнда да екі маңызды мәселе бар:
Қазақстанда құс етіне байланысты да мәселе бар. 2019 жылы өз өндірісі 223 мың тоннаны құрады, импорт 173,1 мың тоннаны құрады (2020 жылғы қаңтарда – 3,8 мың тонна). Негізінен бұл республикаға АҚШ-тан әкелінетін тауық еті.
Статистика комитеті жемістер бойынша деректерді көрсетпейді, бірақ көкөністерді өндіру және импорттау бойынша сандар бар. Нақты айтар болсақ: өз өндірісі жеткілікті. Бірақ бұл жыл қорытындысы бойынша берілген дерек, маусымаралық импорттың болатыны сөзсіз. Мысалы, желтоқсан айында Қазақстанға:
• 1,5 мың тонна қырыққабат
• 2,4 мың т бұрыш
• 1,3 мың т қиыр
• 2,8 мың т қызанақ
• 2,1 мың т пияз
• 2,9 мың т қызылша
• 7,4 мыңт жүзім
• 10,3 мың т алма
Алайда жыл қорытындысы бойынша әр отандық өнімнің өндіріс көлемі бұдан жүз есе көп.
Қазақстанның ет өніміне қажеттілігінің 84,6%-ын жеке өндірушілер толтыра алады. Өзіміздің өндіріс көлемі 1,1 млн тонна болса, импорт 204,8 мың тоннаны құрайды (негізінен тауық еті). Алайда ет өнімімен байланысты кейбір проблемалар бар.
Отандық шұжық өндірушілер қазақстандық нарықта 61,7%-ды , ет консервілері бойынша 65,7%-ды алады. Сонымен қатар, шетелдік балық өнімдеріне тәуелділік бар, жергілікті өндірушілер ішкі нарықтың 45%-ын ғана иеленген.
Сүт өнімдеріне байланысты да осындай жағдай орын алған: ішкі сұранысты қамтамасыз ету үшін шикізат жеткілікті, бірақ кейбір өнім түрлерімен проблемалар бар .
Мысалы, импорттық ірімшік пен сүзбеге нарықтың 46,5%– ы , маргаринге-52%-дан астамы келеді. Сонымен қатар, сары май өндірісіне қатысты да алар асуымыз әлі алда –
2019 жылы нарықтың 20%- дан астамын шетелдік өндірушілер өз мойнына алды
Бірақ қазақстандық шай мен кофе өндірушілерінің жағдайы тіптен нашар. Өткен жылы шығарылған өнім көлемі 15,6 мың тоннаны құрады. Бұл импорттан үш есе аз. Шайға көбінесе импорттық шоколад ұсынылады, ал жылына Қазақстанға 104,3 мың тонна шоколад импортталды. Бұл қажеттіліктің 51,6%-ы.
Бұдан басқа, қазақстандық нарықта келесі өнімдер бойынша шетелдік өндірушілердің рөлі өте жоғары:
Осылайша, Қазақстан өзін қажетті азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ете алады. Алайда, толық азық-түлік тәуелсіздігі үшін ассортименттің алуан түрлілігімен жұмыс істеу қажет.