Шетелге көмір сатудан түсетін қаржы 5 есе өсті. Дегенмен жүк көлемі артпауы бұл жағдай туралы ойландырады.
Табыстың тез өсуі таңқаларлық жағдай. Егер 2019 жылдың қараша айында экспорт 35,5 миллион долларды құраса, 2020 жылдың қазан айында – 30,4 миллион, ал 2020 жылдың қарашасында — 150,9 миллион доллар. Яғни
бір айдағы келісімдердің физикалық көлемі іс жүзінде өзгерген жоқ, ал түсім 5 есе өсті!
2020 жылғы қаңтар-қазанда жалпы экспорттық сату 270,8 млн долларды құрады. Осылайша, ағымдағы жылы қараша барлық сатылымдардың үштен бір бөлігін құрады.
Мұндай күрт өсу Украинамен байланысты. Ресми деректер бойынша, қараша айында Украинаға жалпы құны $128,2 млн болатын 66,9 мың тонна көмір сатылды. Осылайша, көмірдің экспорттық тоннасының орташа құны 1 915,8 долларды құрады!
Нақтылық үшін:
Көрсеткіштердің осылай күрт өсуінің артында не тұр?
қарашада көмір негізгі экспорттық тауарлар қатарына енді – келісімдердің жалпы көлемі бойынша төртінші орында болды
($150,9 млн), ал қазанға қатысты өсім бойынша, біріншісінде (+$120,6 млн). Алайда бір ай ішінде сатылымы 119,7 миллион долларға өскен бейорганикалық химия өнімдерінің экспорты есе бермеуге тырысты. Таңқаларлық өзгерістер болған жоқ: Қытайға жөнелту 27%-ға (21,2 мың тоннаға дейін) төмендеді, ал келісімдерден түскен кірістер 2,8 есе ($72,3 млн-ға дейін) өсті. Бұдан басқа, Канадамен (+21,2 млн — $44,6 млн дейін) және Франциямен (637,7 млн — 55,5 млн дейін) келісімдер көлемі айтарлықтай өсті.
Дегенмен мыс сатылымы бір айда төмендеді
Тиеп-жөнелту 44,7-ден 40,5 мың тоннаға дейін, ал келісімдерден түсетін кірістер 277-ден 254,5 млн долларға дейін төмендеді. Бұл Түркияға сатылымның төмендеуіне байланысты болды (77,4 миллионнан — 40,2 миллион долларға дейін), ол Қытайға жіберетін экспорт көлемімен ішінара өтелді (161,1 — ден 175 миллион долларға дейін).
Сонымен қатар, қараша айында:
Қазақстандық экспорттың жалпы көлемі қараша айында 4 млрд 136,9 млн долларды құрады, бұл қазан айымен салыстырғанда 9,9%-ға (немесе $372,1 млн) артық.
Мұнай экспортқа жіберілетін негізгі тауар болып қала береді. Келісім көлемі 1 млрд 746,9 млн долларды немесе барлық экспорттың 42%-дан астамын құрады
Бұл ретте қазан айымен салыстырғанда келісімдер аздап төмендеді (781,4 мың долларға). Осылайша, қараша айында қызық жағдай байқалды: мұнайдан түскен табыс төмендеді, бірақ экспорттың жалпы көлемі айтарлықтай өсті.
Алайда
елдерге қатысты үлкен өзгерістер болды
Атап айтқанда, Италияға (158,1 млн долларға — 571,4 млн-ға дейін), Грецияға (+24,5 млн — 98,6 млн-ға дейін) және Румынияға (+21,6 млн – 117,3 млн-ға дейін) экспорт өсті. Сонымен бірге Израильге (32,7 млн) және Сингапурға (53,1 млн) сатылым жасалды, бұл елдерге қазан айында мұнай сатылмады.
Екінші жағынан, Үндістанға (78,6 млн-нан $7,8 млн-ға дейін), Нидерландқа (249,4 млн-нан 189,8 млн-ға дейін) және Финляндияға (60,2 млн-нан $10,2 млн-ға дейін) экспорт көлемі азайды.