Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
21
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Қазақстанда қымбат көліктерге сұраныс бар ма

Сонымен қатар өткізілген көліктердің елеулі (19,4 пайызын; 2192 көлік) бөлігін 3,5-5 млн теңге аралығындағы орташа баға санатындағылар қамтыды. Бұдан бөлек, жаңа көлік иелерінің 19,2 пайызы 7-ден 10 млн теңгеге дейінгі (2162 көлік) автомашиналарды таңдады. Есепті кезеңде олардың үлесі 6,3 пайызға артты. Ал 17,9 пайызы 5-7 млн теңге сомасындағы темір тұлпарларға таңдау жасаған.

«Бизнес (10-15 млн теңге) және премиум (15 млн теңгеден жоғары) санаттағы сегменттердің әрқайсысына нарықта 9 пайыздан тиесілі болды. Жалпы 10 млн теңгеден қымбат техниканың үлесі 3 пайызға қысқарып, бүгінде 18,5 пайызды құрады», – делінген «ҚазАвтоӨнеркәсіп» мәліметінде.

Қолжетімдігі жоғары модельдердің рейтингінде отандық автокөліктер басымырақ. Баға жағынан 2,59 млн теңгеден басталатын Lada Granta-ға таңдау көбірек түскен. Ең қолжетімді автомобильдердің ТОР-10 құрамына Ravon R2 (2,6 млн теңге), Ravon Nexia (2,7 млн), Lada 4×4 (3 млн), Ravon R4 (3,1 млн), Lada Kalina (3,3 млн), Lifan Solano II (3,5 млн), Ravon Gentra (3,6 млн), Lada Vesta (3,7 млн) және Peugeot 301 (4 млн теңге) енді.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз