Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Қазақстанда қазақтар ғана қалса… Не болар еді?

574

Айдос Сарым, саясаттанушы:

Жаман да болмайды, жақсы да болмайды

Жапония, Корея мен Исландия – моноұлтты елдер. Олар енді керемет жақсы да емес, соншалықты жаман да емес.

Ал Қазақстан енді ешқашан моноұлтты мемлекет болмайды

Бұрын орыстан гөрі қазақтар аз болатын. Қазір енді керісінше, қазақтар көбейіп барады. Ал Қазақстанның көпұлттылығы табиғи, өздігінен болған үрдіс емес. Ресей империясының күштеп көшіру саясаты болмағанда – біз басқаша болар ма едік...

Байқадық қой,

кеңес одағының «совет адамын» пісіретін қазаны дұрыс қайнамады. Қазіргі қазан қайнатып жатқан «қазақстандық адам» да мүмкін емес нәрсе.

Өзінің ұлтын, ұлттық мемлекетін жойғысы келетіндердің өздері өледі, түбінде. Түптің түбінде Қазақстанда тек күшті азаматтық қоғамы бар қазақтың ұлттық саяси мемлекетін ғана құру мүмкін. Біздегі мемлекеттіліктің діңгегі тек қана қазақтар. Қалған этностар тек қазақтың айналасына ұйығанда ғана, қазақтың ортақ ережесіне бағынғанда ғана мықты мемлекет боламыз.

Бір жақсысы,

біз ешкімді “ойбай, қазақ жерінде қалшы, кетпеші”, деп күштеп ұстай алмаймыз. Кететіндер кете берсін, келетіндер келе берсін.

Біздегі көптеген тарихи процестер әлі де аяқталған жоқ. Олардың өз жөнімен дұрыс аяқталуына жол ашуымыз керек. Сосын біртіндеп «қазақтың ұлттық мемлекетін» байыппен құра бастауымыз керек.
https://kaz.365info.kz/ajdos-sarym-prezident-sharshaj-bastady-ras-khoj-295193
Джанибек Сулеев, веб-баспагер:

Біз өзгемен ұлт ретінде бәсекелесе алмадық…

Мынау өзі қызық сұрақ екен. Шыны керек, біздің елде, біздің қоғамда көпұлтты Қазақстан деген идеяны халыққа сіңіруге бағытталған әрекет бар. Батыстың саясаттануында үлкен қағида бар «Ұлт дегеніміз – мемлекет» деген. Ал бізде қалай?

Басында қуандық, оралмандардың алғашы ірі легі келе бастағанда. Қазір қазағым, Қазақстаным деген өрекпіген көңіл басылып қалды. Неге? Біріншіден, қазіргі Қазақстан баяғыдай өмірге жайлы, болашағы керемет мемлекет емес. Екіншіден, келген оралман бұл елде өз орнын таба алмайды.

Қазіргі трендтер көңілге үлкен күдік ұялатады. 15 жыл бұрын орыс-немістер жаппай көшіп, қазақтың үлесі өсе бастаса, қазір Қазақстаннан қашқан қазақ жастарының саны өсіп келеді. Тіпті Батысты былай қойғанда, Ресейге барып білім алатын жастар көп.

Түптеп келгенде мемлекеттің өзі (қазақ ұлты деп санай беріңіз) бәсекеге қабілетсіз болып шығып отыр. Үлкен өкінішке қарай…

Мысалы, Алматыдағы ең мықты деген жүз «системный администратордың» тізімін жасап, санап көріңіз, ішінде қанша қазақ бар екенін.

Тіпті, Қазақстанның болашақта қолда бар орыстарын қалай, ненің күшімен сақтап қала алатынын білмеймін мен.

Авторы: Кенже Татиля
https://kaz.365info.kz/biz-khazakhpyz-khazakhstandykh-ylttyn-bolashagy-zhokh-sayasattanushy-298857

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз