Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-10
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Қазақстанда карантин кезінде өз-өзіне қол жұмсайтындардың саны 13,9%-ға төмендеді

311

Ресми статистикаға сәйкес, 2019 жылы  15-тен 29 жасқа дейінгі 887 адам өз бетінше өмірден кетуге шешім қабылдады. Сонымен бірге Құқықтық статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2020 жылғы қатаң карантин кезінде халықтың барлық санаттары арасында өзін-өзі өлтіру саны елде 13,9%-ға төмендеді.

«Қазақстанның тең құқықтар және тең мүмкіндіктер институты» Дүниежүзілік суицидтің алдын алу күніне орай баспасөз конференциясын өткізді.

Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының» бас директоры Николай Негай құқықтық статистика комитетінің мәліметі бойынша, қатаң карантин кезінде Қазақстанда өзін-өзі өлтіру  13,9%-ға төмендегенін хабарлады.

Осындай төмендеу қатаң локдаун болған әлемнің 12 елінде байқалды

Алайда, «Қазақстанның тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері институты» ҚҚ президенті Маргарита Ускембаева бұған  карантинде отбасы мүшелерінің бәрі бірге араласып, тәуелділік, эмпатияның пайда болуы әсер етті деп түсіндіреді.

Отбасылық қарым-қатынастарға туыстары араласпағандықтан, әлеуметтік проблемалар да азайды

Ускембаева жасөспірімдер көбінесе мектеп аумағында өз-өздеріне қол жұмсайтынын атып өтті.

Қауіпті аймақтар

«Қазақстанның тең құқықтар және тең мүмкіндіктер институты» ҚҚ әлеуметтанушысы Татьяна Резвушкина 2 мың адамды ( 50,4%-ы қыздар және  49,6%-ы ұлдар) біріктірген үлкен әлеуметтік зерттеуді ұсынды. Зерттеу 2020 жылғы наурыздан тамызға дейін Қазақстанның бес өңірінде жүргізілді, олар суицидтің жоғары көрсеткіштеріне байланысты «қауіпті аймақтар» деп танылды:

  • Алматы,
  • Алматы облысы,
  • Шығыс Қазақстан облысы,
  • Қарағанды облысы,
  • Түркістан облысы.

Респонденттердің пікірінше, ел жастары арасында өз-өзіне қол жұмсауына келесі мәселелер көбірек себеп болады:

  • психикалық бұзылыс,
  • депрессия,
  • қаржылық мәселелер,
  • жалғыздық,
  • өзін қажетсіз сезіну,
  • ата-анамен арадағы жанжал.

Сонымен қатар қыздар, жұмыс істемейтін, білімсіз және діни сенімі төмен қала тұрғындары «қауіпті топта».

Күш пен табысқа сену

Сарапшылар өз зерттеуінде «күш пен табысқа сену» туралы атап өтті. Дәл осы суицидтік мінез-құлық индикаторы жастар арасында басым. Әсіресе ерлер арасында.

Жастар жақындарының ортасында жиі қақтығысқа тап болады, олар жалғыздықтан зардап шегеді, ата-аналардың бақылауы мен қысымын ұнатпайды.

Сонымен қатар, өзін-өзі өлтіруді ақтау ретінде көпшілігі мыналарды келтіреді:

  • адам өз өмірін басқа адамды немесе адамдарды құтқару үшін саналы түрде құрбан етеді,
  • адам ауыр науқас немесе мүгедек,
  • өмірден көңілі қалды,
  • қоғамда өзінің қажетсіз екенін сезінеді және психологиялық ауыры бар.

Отбасы және білім

Психологтар

авторитарлық тәрбие әдістерінің үстемдігі наразылық пен қарсылықты тудырады, ол көбінесе суицид арқылы көрінеді

деп есептейді.

—Өзінің оқу үрдісі мен жұмысына көңілі толмайтын жастар көп, олар барлық жағдайға әрі қарай төзуге мәжбүр.

Жастардың еріктілер қозғалысына, ҮЕҰ-ға, қоғамдық бірлестіктердің жұмысына және т. б. белсенді қатысуы суицид санын қысқартудың өзіндік «рецепті» болуы мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз