Халалдың атын ғана жамылып жүргендер бізде де аз емес екен. Шұжық өнімдерін шығарған қазақстандық осындай 11 кәсіпорынның әрекеті әшкере болды. Олардың өнімдерінің құрамында шошқаның ДНК-сы анықталған. Мұның алдында ресейлік компаниялардың шұжығынан жаппай шошқа еті табылып еді, – деп хабарлайды КТК арнасы.
Тұтынушыларды алдаумен пайдаға қарық болуды көздеген кәсіпорындарға 21 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.