Қазақстанда ет бағасы күн санап қымбаттап келеді. Бір жыл ішінде 16 пайызға қымбаттаған екен. Ал ең қымбат ет Астана қаласында сатылып жатыр деп, хабарлайды stan.kz
2017 жылдың қазан айының соңында сиыр еті килограммының бағасы 1426,3 теңге болды. Жылына 15,6 пайызға (192,7 теңгеге), айына 0,7 пайызға (9,4 теңгеге) қымбаттаған екен. Былтыр қазан айында сиыр етінің бағасы 6,3 пайызға (73,4 теңгеге) қымбаттап, бір килограммының бағасы 1233,7 теңгеге жеткен еді. Қазақстан қалаларының ішінде ең арзан ет Таразда сатылып жатыр. Аталған қаладан бір килограмм етті 1297 теңгеге алуға болады. Осылайша еттің бір айдағы бағасы 1,8 пайызға (23 теңге) дейін ғана қымбаттаған. Ал жылына 6,7 пайызға (81 теңгеге) қымбаттаған.
Ет бағасының арзандығы жағынан Талдықорған қаласы үшінші орында тұр. Аталған қаладан еттің бір килограммын 1317 теңгеге сатып алуға болады. Бір айда сиыр етінің бағасы көтерілмеген. Десе де, бір жыл ішінде ет бағасы 9,5 пайызға (114 теңгеге) қымбаттаған. Астанада ет килограммының бағасы – 1661 теңге, Атырауда – 1530 теңге, Алматыда – 1525 теңге.