Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қазақстанда электркарлар танымал бола бастады

2021 жылдың басында жергілікті нарыққа Taycan және Taycan Turbo S сияқты жаңа модельдер келді, ал компанияның өзі Қазақстанда электркарлардың инфрақұрылымын дамытуға бет бұруда. Мәселен, осы жылы компания электркарлар үшін Алматыда 8 және Нұр-Сұлтанда 2 зарядтау станцияларын орнатады.

Өткен жылдың қараша айында, әлемге танымал презентациядан кейін Porsche Taycan 4S және Taycan Turbo электркарлары алғаш рет Қазақстанда сатыла бастады. Айта кету керек: бұл – электромобиль үшін әдеттегі 400 вольттің орнына жүйелік кернеуі 800 вольт болатын алғашқы сериялық көлік. Расында, көлік иесі 100 км жол жүру үшін көлігін бес минутта ғана зарядтай алады. Осылайша, үш айдың ішінде ресми импорттаушы 6 электрмобиль сатты, ол бір жылға жоспарланған сатудың 50% құрады. Осы жылдың басында Қазақстандағы спорттық электрмобильдердің қатары Taycan және Taycan Turbo S сияқты жаңа модельдермен толықтырылды. Электр көліктеріне көшу тенденциясының өсіп келе жатқанын ескере отырып, импорттаушы жылдық жоспарларын қайта қарады: енді Porsche елде кем дегенде 19 жаңа электркарды сатуды жоспарлап отыр.

Porsche Centre Almaty директоры Гаухар Габдрахимова Қазақстанда спорттық электркар сатыла бастағаннан бері, компания жергілікті автокөлік жүргізушілерінің қызығушылығы артқанына көз жеткізгенін айтады.

«Сондықтан да біз өзіміз үшін ең қысқа мерзімде ҚР-да Taycan модельдік қатарын кеңейту жоспарын қойдық. Биыл қазақстандықтарға алғашқы Porsche электрлік спорттық автомобильдерінің толық өнім желісі қолжетімді екенін атап өткім келеді. Біз 4 наурыз күні Германияның Мюнхен қаласында әлемдік онлайн премьерасы өткен Taycan Cross Turismo-ға квота алдық», – дейді Гаухар.

Жаңа Taycan Cross Turismo электркары бүкіл әлем жұртшылығына сияқты қазақстандықтар үшін осы жазда қол жетімді болмақ, оның құны комплектацияға байланысты 120 000 евродан басталады.

Сериялық электруниверсал өзінің бұрынғы бастамашыларынан жоғары технологиялық шассиімен және адаптивті пневмоподвескамен ерекшеленеді, бұл жүргізушілерге жолсыз жағдайлар да сенімділік береді.

«2019 жылы бірінші спорттық электр көлігінің шығуымен біз маңызды сигналды жібердік», – деді Porsche AG басқарма төрағасы Оливер Блюм жаңа универсалдың әлемдік премьерасында.

Ол компания өзін жаңартылатын энергия көздері есебінен жұмыс істейтін экологиялық автомобильдер өндірісіндегі пионерлер ретінде көретінін атап өтті: 2025 жылға қарай Porsche жеткізетін барлық жаңа автомобильдердің жартысы электр жетектерімен жабдықталады: толық электрлі немесе қайта зарядталатын гибридті жетек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз