Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Қазақстанда «Борат-2»-нің көрсетіліміне тыйым салына ма?

211

Фильмнің премьерасы  2020 жылдың  23 қазанында, АҚШ-тағы президент сайлауының алдында Amazon Prime-да өтеді. Фильмнің атауы өте ұзақ: «Борат: порнографиялық маймылдың вице-премьер Микаэль Пенске жақында азайған Қазақстан халқының игілігі үшін берген сыйы» (Borat: Gift Of Pornographic Monkey To Vice Premiere Mikhael Pence To Make Benefit Recently Diminished Nation Of Kazakhstan).

2006 жылы шыққан  «Борат» фильмінің бірінші  бөлімін Қазақстанда көрсетуге тыйым салынды. Алайда, республика кинотеатрлардан тыс жерде комедияның жалғасын көрсетуге тыйым сала алмайды.

«Егер фильм тек Интернетте көрсетілсе, онда біз ештеңе істей алмаймыз, министрлік мұны реттемеді. Біз тек кинотеатрларда көрсетуге тыйым сала аламыз. Теледидарға келетін болсақ, бұл ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қатысты мәселе», — деп мәлімдеді  Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігі  Liter.kz порталына берген түсініктемесінде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз