Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-10
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Қазақстанда барлығына бірдей жұмыс орны жоқ: дақпырт па әлде шындық па?

188

Еңбек министрлігі 2025 жылға қарай Қазақстанда еңбекке қабілетті халық саны 3 млн адамға артатынын хабарлады. Алайда, барлығына жұмыс орыны жетпейді. «Біз бес жыл бұрын талдау жасадық. Еңбек нарығындағы жастардың жыл сайынғы ағыны 2025 жылға қарай 256 мың адамды құрайды, еңбекке қабілетті халықтың 12,1 млн адамға жетуі мүмкін», —деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов. — «2022 жылы жұмыс орындарын құру көлемі еңбекке қабілетті жастағы барлық адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуге жеткіліксіз болады. Осылайша, 2025 жылға қарай 87 мың жұмыс орны тапшы болады».

Тамыз айында ведомство жұмыссыздардың 8 есе өскенін атап өтті. Бұл тек электронды еңбек биржасы арқылы тіркелгендердің саны. Бос жұмыс орны мен ресми жұмыспен қамту саны да айтарлықтай артты. Алайда, еңбек нарығындағы ұсыныстың барлығын жаңа жұмыс берушілер ұсынып отырған жоқ.

Егер Еңбек Министрлігі еңбек нарығындағы ұсыныстың көлемі жеткілікті деп мәлімдесе, онда 87 мың жұмыс орнының тапшылығы қайдан пайда болды? Қазақстан еңбек конфедерациясының Бас хатшысы Мұрат Машкенов ведомство өзіне ыңғайлы статистикалық мәліметтерге сүйеніп болжам жасайды деп есептейді. Ал ол көбінесе шындыққа жанаспайды.

Бизнесте еш нәрсе анық емес

— Жаңа кәсіпорындар баяу құрылатындықтан, жұмыс орындары жеткіліксіз деп ойлайсыз ба? Әлде Еңбек министрлігі  экономикалық жағдай қиын болғандықтан,   бос жұмыс орындарын қысқаратыны туралы айтпай отыр ма?

— Қазір ешкімде жұмыспен қамту мен жұмыссыздыққа қатысты нақты статистика жоқ. Мемлекет бюджеттік ұйымдардан, квазимемлекеттік сектордан және көптеген жұмысшылар жұмыс істейтін ірі бизнестен біршама сенімдірек ақпарат алады. Мысалы, тау-кен металлургия саласында, құрылыс секторында.

Яғни, мемлекет ірі кәсіпкерліктің есептілігіне сүйеніп, жұмыспен қамту жағдайы туралы жалпы түсінік қалыптастыра алады. Ал шағын және орта бизнес статистикаға кірмейді

Статистика — күрделі нәрсе. Оны кез келген жағдайға бейімдеуге болады. Сондықтан еңбек нарығындағы жағдай нақты деп айтпас едім.

Пандемия кезінде экономикалық қызметтің барлық саласы зардап шекті. Әсіресе қызмет көрсету саласы. Тіпті қазір, жартылай жұмыс істеуге рұқсат етілген кезде, олар кіріс бөлігіндегі қажеттіліктерінің жартысын көбісін орындамайды.

Еңбек конфедерациясына қара және түсті металлургия, тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындары кіреді. Карантин кезеңінде кеніштерде жұмыс істейтіндердің саны азайды. Пайдалы қазбаларын өндіру және сату көлемі төмендеді. Ал жаңа адамдарды жұмысқа қабылдаудың қажеттілігі болған жоқ — жалпы нарықта тұтыну мен сұраныс азайды. Мұнай-газ секторында да солай болды. Осы ірі кәсіпорындардың қызметкерлері немен айналысты? Тұрақты экономикалық кәсіпорындар төлей алатын жәрдемақылар мен төлемдердің арқасында күн көрді.

Денсаулық сақтау саласында да осы жағдай қайталанды. Төсек орындары мен жабдықтардың жетіспеушілігінен және жазда вирус жұқтырған халық саны күрт артты, оған қоса көптеген дәрігер зардап шегіп, уақытша еңбекке қабілетсіз болды. Ауырмағандар елден кетті. Олардың орнына ешкім келген жоқ.

Жаңа еңбекке қабілетсіздер

— Айтпақшы, коронавирус инфекциясын жұқтырып,  ауруы асқынған, жұмыс қабілетін жоғалтқан адамдар қандай есепке алынғаны түсініксіз.

— Дәл солай. Негізі оларға мүгедектік тағайындалып, мүгедектік бойынша жәрдемақы тағайындалуы керек. Ал бұл Қазақстанда жұмысы көп, ұзақ процедура. Жұмысынан айрылғандарға 42 500 теңге көмек беру тағайындауда жүйенің қандай қиындықтарға тап олғанын еске түсірсек, мүгедектігі бойынша жәрдемақы алғысы келгендердің біраз тер төгуіне тура келері анық. Алдымен барлық анықтамаларды жинап, содан кейін жәрдемақы алу құқығын дәлелдеу қажет болады.

Сондықтан министрлік тарапынан бұл адамдар еңбекке қабілетті, бірақ әзірше  жұмыссыз адамдардың қатарына жата ма деген сұрақ туындайды

Мен болжамды қалай жасап, есептейтінін түсінбеймін.

Пандемия мемлекеттің адамдардың кем дегенде бұрынғы өмір сүру деңгейін сақтап қалатын өтемақы төлеу тетігінің жоқ екенін анықтады. Мен табыс көзін жоғалтқан адамдар туралы айтып отырмын. Жұмыс орындарының жетіспеушілігі объективті себептерге байланысты екінші проблемаға айналды. Мұны да ескеру керек.

— Көктемде жылдың соңына қарай жұмыссыздық 6,1%-ды құрайды деген болжам жасалды. Ал карантинге дейін 4,8% болады деп есептелген еді. Егер жарты жылда бірнеше миллион адам 42 500 жәрдемақы алса, онда жұмыссыздар 6,1%-дан көп емес пе? Мемлекет болашақта жаңа экономикалық белсенді адамдар жұмыс табатынына сендіргенде, неге үміттеніп отыр?

— Бұл фантастика саласындағы әңгіме. Олар өздерінің үміттерін шындық ретінде көрсеткісі келеді. Бірақ нақты жағдай министрліктің болжамымен үйлеспейді.

Жұмысынан босап қалған қызмет көрсету саласының бұрынғы қызметкерлері мен жабылған кәсіпорындардың жұмысшылары  жұмыссыздар армиясына қосылғанын мойындау керек

Оларға тұрақты жұмыс орындары қажет. Бірақ барлығы бірдей жұмыспен қамту органдарына жүгінбейді.

Жұмысын тоқтатқан кәсіпорындар өз қызметін қайта бастайды ма, жоқ па, олардың карантинге дейінгі қаржылық қорына байланысты. Себебі тіпті карантиндегі жұмысы шектеулі қалалық қоғамдық көліктер де кірісінің бұрынғы деңгейіне әлі жеткен жоқ. Оларға мемлекет те қолдау көрсетеді.

Статистиканы қалай қолдан шығарып алды?

— Кәсіподақтарда экономиканың қандай да бір саласында жұмыспен қамтылғандар туралы нақты деректер бар. Еңбек министрлігі сенімді статистиканы қалыптастыру үшін сіздерге кем дегенде бір рет жүгінді ме? Министрлік қазір кімнің цифрларына сілтеме жасап отыр?

— 90-жылдардың ортасына дейін мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру құралдары кәсіподақтардың басқаруында болды. Ведомствоға қарасты ұйымдар еңбек ұжымдарындағы істің жағдайы туралы толық ақпаратқа ие еді. Өйткені  көп балалы отбасылар, жалғыз басты аналар мен уақытша еңбекке жарамсыз жұмысшылардың жәрдемақысы кәсіподақтар арқылы өтетін.

Содан кейін мұның бәрі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қарамағына өтті. Ары қарай қызметкерлердің құқықтары мен еңбек қауіпсіздігін қорғайтын еңбек инспекциялары әкімдіктердің қарамағына өтті. Олар

«үйдегіні сыртқа тасыма» қағидатына сүйенді, енді бірде-бір әкімдік шынайы статистиканы көрсеткісі келмейді

Ал еңбек инспекторлары деген еңбек дауларын, оның ішінде жұмыстан босатуды реттеудің сотқа дейінгі сатысы емес пе? Менің ойымша, жұмыстан босатылғандар мен босатылатындардың көпшілігі бұл статистикаға енбеген.

2020 жылғы дағдарыс кезінде ресми статистиканы шындық деп қабылдаудың қажеті шамалы

Ал 2,7 млн өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың табысы қалай есептеледі? Олардың статистикадағы мемлекеттік мәртебесі қандай? Олардың ресми түрде жұмысқа орналаспаған. Яғни жұмыс орындарының тапшылығы мемлекет белгілегеннен деңгейден жоғары. Жыл сайын ұзартылатын жұмыспен қамтудың жол карталары ондаған мың жаңа тұрақты жұмыс орнын құруға ықпал етеді дегенді жиі айтады. Сандарға қоса, бізге нақты жұмыс орындары туралы мәлімет айтылса жақсы болар еді. Сонда мемлекеттің жұмыспен қамту саласында қабылдаған шараларының тиімділігі туралы айта алар едік.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз