Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
23
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Қазақстанда ауаны кім ластап жатыр?

576

Статистика комитетінің мәліметтеріне қарағанда, 2018 жылы күн сайын орташа есеппен ауаға 6,7 мың тонна ластаушы заттар түскен. 2017 жылмен салыстырғанда шығарындылар көлемі 88,9 мың тоннаға (3,8%) өсті.

Атмосфераның ластануына екі өңір – Павлодар және Қарағанды облыстары үлкен үлес қосуда. Олардың шығарындыларының көлемі тиісінше 709,3 және 587,5 мың тоннаны құрады. Нәтижесінде

бұл жалпы республикалық көрсеткіштің 53%-ы

2017 жылы бұл облыстарға барлық шығарындылардың жартысынан астамы тиесілі болды, бірақ ол кезде үлес 51,3%-дан төмен болған.

Оңтүстік өңірлер — ең аз ластаушылар. Мысалы, Қызылорда облысының кәсіпорындары бір жыл ішінде 26 мың тонна ластаушы заттарды шығарды. Бұл екі павлодарлықтардың екі аптада шығаратын зиянды заттарына тең. Шығарындылардың салыстырмалы түрде аз көлемі Алматыда (43 мың тонна) және облыста (50,2 мың), Жамбыл (52,1 мың) және Батыс Қазақстан (48,2 мың) облыстарында да бар.

Павлодар облысында шығарындылар айтарлықтай өсті

2017 жылмен салыстырғанда бірқатар өңірлерде шығарындылардың төмендеуі тіркелді. Олар Ақтөбе және Қарағанды облыстары — тиісінше 11,5 мың тоннаға (-6,8%) және 11,1 мың тоннаға (-1,9%). Жалпы республиканың сегіз өңірі (Шымкент және Түркістан облыстарын 2017 жылмен салыстыра отырып, бір өңір деп есептесек) өз көрсеткіштерін 39,6 мың тоннаға төмендетті. Бұл Алматыдағы барлық өнеркәсіптік шығарындыларға қарағанда аз.

Алайда, төмендеу көрсеткішін Павлодар облысы қайта жаңа деңгейге көтеріп берді.

Өңір көшбасшы болғанымен қатар, бір жыл ішінде көрсеткіш тағы 16,3%-ға өсті

Ресми деректер бойынша, 2018 жылы облыстық кәсіпорындар атмосфераға 2017 жылға қарағанда 99,5 мың тонна ластаушы заттарды шығарған.

Таза емес энергетика

Ауа ластануының басты көзі – өнеркәсіптік кәсіпорындар. 2018 жылы олардың үлесіне барлық шығарындылардың 84,9%-ы келді. Ластаушы заттардың басым бөлігін (941 мың тонна) энергетика саласының кәсіпорындары шығарып жатыр. Олардың үлесі өңдеу өнеркәсіптеріне (714,7 мың тонна) қарағанда үштен бір есеге артық және кен өндіру секторы кәсіпорындарынан 2,6 есе көп. Егер өнеркәсіпті есепке алмағанда, ең көп шығарындыларды логистика (118,2 мың тонна) және білім беру (73 мың тонна) саласында жұмыс істейтін кәсіпорындар жүзеге асырады.

2017 жылмен салыстырғанда энергетиктер тарапынан шығарындылардың айтарлықтай өсуі байқалады (78,1 мың тонна)

Сонымен қатар бұл тізімге өңдеу өнеркәсіптері кіреді (29,3 мың тонна).

Тау-кен өндіру секторы, керісінше, біршама экологиялық болды: атмосфераға зиянды заттардың шығарындылары бір жыл ішінде 15,3 мың тоннаға (минус 4%) төмендеді. Жалпы экономиканың тоғыз секторында төмендеу байқалады. Ластанудың жалпы көлемі 29 мың тоннаға азайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз