Қазақстанның азаматтық қоғам және дін істері жөніндегі министрлігі атеистер сезіміне тіл тигізгендерді жауапқа тартуды қарастыратын заң жобасын әзірледі.
Заң жобасының мәтіні 14 тамызда министрлік сайтында жарияланды. Ол бойынша, діндар адамдардың сеніміне, олардың діни қызметіне кедергі келтірген жеке тұлғаларға 700 долларға дейін айыппұл салу қарастырылған.
Діни ұйым басшыларына кәмелет жасқа толмағандарды ұйым қызметіне тартқаны үшін 680 доллар көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.
Қазақстанда діни білім алғандар ғана шетелдің діни оқу орындарында білім ала алады.