Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-2
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Қазақстанда алғашқы АЭС-ті кім салады: комиссия ұсыныстарды талқылауда

Жетекші компаниялар қарастырылуда

«Ашық және бәсекеге қабілетті іріктеу аясында Ведомствоаралық комиссия әлемнің жетекші компаниялары ұсынған реакторлық технологияларды жан-жақты зерттеп жатыр. Бұған дейін «шорт-листке» енген компанияларға технологиялық шешімдер, қауіпсіздік жүйелері, қаржыландыру шарттары және экологиялық аспектілер бойынша нақты сұрақтар жолданған болатын.

Қазіргі уақытта әлеуетті жеткізушілер ретінде келесі компаниялар қарастырылуда:

  • CNNC (Қытай, HPR-1000 реакторы)
  • «Росатом» мемлекеттік корпорациясы (Ресей, ВВЭР-1200 реакторы)
  • KHNP (Оңтүстік Корея, APR-1000 және APR-1400 реакторлары)
  • EDF (Франция, EPR-1200 реакторы)

Реактор жеткізушілерінің ұсыныстары жан-жақты және егжей-тегжейлі талданып жатыр. Қазақстанның мүддесі мен барлық факторларды ескере отырып, түпкілікті шешім қабылданатын болады», – делінген министрлік хабарламасында.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз