Білім гранттарын бөлумен айналысатын республикалық конкурстық комиссия 34 907 талапкерді таңдап алды. Бұл туралы ҚР БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.
Комиссия құрамына мемлекеттік органдардың өкілдері, Ұлттық “Атамекен” кәсіпкерлер палатасы, жоғарғы оқу орындары ассоциациясы, ректорлар кірген. Жұмыс қорытындысы бойынша 34 907 талапкер грант иеленген, оның ішінде медициналық мамандықтарға 3794 грант бөлініп отыр.