24 қыркүйектегі жағдай бойынша, Қазақстанда 13 950,3 мың тонна астық бастырылды.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, есептік кезеңде ауылшаруашылық өнімін өндірушілер 10 838,2 мың гектары немесе өңірлердің жалпы астық алқаптарының 72,1% жинап үлгерді.
2018 жылы елдегі егін алқаптарының жалпы көлемі 15 027,9 мың гектарды құрады. 2017 жылы оның көлемі 15 318,6 мың гектар болды. Сондай-ақ биылғы егіс науқаны кезінде 15 122,6 мың гектарға, өткен жылы 15 411,6 мың гектарға астық егілді.