Қазақстан Журналистер одағының жыл сайын журналистер арасында өткізетін байқауының жеңімпаздары анықталды.
Сейітқазы Матаевтың белгілі бір себептермен ортада болмауына қарамастан, Қазақстан Журналистер одағының жыл сайын тағайындайтын сыйлығының иегерлері биыл да анықталды. Үздік журналист жұмысы байқауына биыл 80 жұмыс келіп түсті деп хабарлады Қазақстан Журналистер одағының хатшылығы.
Сонымен Қазақстан Журналистер одағы тағайындаған сыйлықтың 2017 жылғы лауреаттары мына журналистер болып келеді:
Роза Қараева – Жас Алаш газеті, Жылдыз Әлиева (Бішкек) мен Нигора Юлдашева (Ташкент) – Деловая неделя газетінің шетелдегі тілшілері, Жанболат Мамай – Саяси қалам газеті редакторының міндетін атқарушы, Станислав Киселев – Время газетінің Қостанайдағы тілшісі, Ольга Опарина – Астана радиосы, Единство бағдарламасының жүргізушісі, Тамара Еслямова – Уралская неделя газетінің бас редакторы, Бағдат Асылбекұлы – Диапозон газетінің тілшісі, Максим Стадниченко – Прикаспиская коммуна газетінің тілшісі, Нысанәлі Ығылов – Қазақстан-Маңғыстау телеарнасының тілшісі, Вадим Борейко – Високосный.kz кітабы үшін ҚР Журналистер одағының арнаулы құрметті дипломымен марапатталды.
Бұдан бөлек тағы бірнеше журналист Қазақстан Журналистері одағының құрмет грамотасымен марапатталды. Оның ішінде kaz.365info.kz медиа-порталының бас редакторы Қайрат Матреков та бар.