Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қазақстан «жасыл» технологиялардан жалтармайды — Бақытжан Сағынтаев

– деп атап өтті премьер-министр.

Қазақстан үкіметі жаңғыртылатын қуат көздерін дамыту стратегиясынан жалтармай, өңірдегі қуат өндіруден экологияға тиетін зиянды азайтуға үлес қосуға барын салады.

«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» былтырғы жылы Астана қа­ласында өткізілген EXPO халық­аралық көрмесінің негізінде құрылған және ол – аймақтағы «жасыл экономикалық» өсімді нығайтуға бағытталған «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасының жалғасы болып табылады.

Сессия кезінде таратылған мәлімет­терге жүгінсек, «жасыл жобалар» көмегімен Қазақстанның ЖІӨ-сінің қуат шығындау көлемін 2020 жылға қарай 25 па­йызға, 2030 жылы 30 пайызға, 2050 жыл­ға қарай тағы 50 пайызға азайту көзделуде.

Күн, жел және басқа да қуат көздерінен алы­­натын электр энергиясының үлесін қа­зіргі 1 пайыздан 2020 жылға қарай 3 па­йызға, 2030 жылы 30 па­йызға, ал 2050 жылы 50 па­йызға дейін жет­кізу көзделуде.

Ал энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың дерегінше, алдағы аптада, 2018 жылғы 23 мамырда жаңғыратын энергия көздерін (ЖЭК) салу бойынша жобаларды іріктеудің бірінші аукциондық саудасы басталмақ.

Көктемде және күзде өтетін аукциондардың екі сесиясы кезінде ЖЭК-тердің 1 ГВт қуаттылығы саудаға шығарылады. Аукциондар жеңімпаздарымен қалпына келетін қуат көздерінен өндірілген электрді сатып алу жөнінде 15 жылдық кепілді офф-тейк контракті бекітіледі. Олар үшін осынша қуатты ЖЭК-терден бірыңғай сатып алушы болып табылатын «Қаржылық-есептік орталық» жинайтын болады.

Ғасыр ортасында еліміз тұтынатын қуаттың тең жартысы жаңғыратын энергия көздерінен өндірілуі керек. Яғни, мемлекет көмір, мазут, газ және басқа да қалпына келмейтін қуат көздерінен де бас тартпайтын түрі бар.

Сарапшылардың түсіндіруінше, себебі, мемлекет басқаруға келмейтін күн жарығы, жел арыны секілді стихиялы күштерге тәуелді болып қалғысы келмейді. Ал елді электрмен және жылумен тұрақты түрде жабдықтауды тек қалағанша өндіруге келетін пайдалы қазбалар қамтамасыз ете алады. Ал шикізатты жағудан экологияға түсетін жүктемені азайту, шығарындылар кесірінен табиғаттың ластануын болдырмау үшін еліміз «көгілдір отынға» салмақ салады.

Қазақстанда өндірілетін электр қуатының жалпы көлеміндегі газ стансаларының үлесі 2030 жылға қарай 30%-ға дейін жеткізіледі. Бұл ретте 2020 жылға дейін Ақмола және Қарағанды облыстары, ал 2030 жылға қарай еліміздің барлық солтүстік және шығыс өңірлері газдандырылып болуы керек.

Жиын барысында белгілі болған тағы бір жаңалық,

қоршаған ортаға бөлінетін күкірт қышқылы мен азоттың деңгейі бойынша Қазақстан еуропалық деңгейге 2030 жылы қол жеткізеді.

Бұдан өзге қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару қызметімен ел халқы 2030 жылы 100% қамтылатыны да мәлім болды. Ал қайта өңдеуден өтетін қоқыстардың үлесі 2030 жылы 40 пайызға, 2050 жылы 50 пайызға жеткізілмек. Осы мақсатта АЭФ аясында Еуропа қайта құру және даму банкі мен «Байқоңыр Солар» компаниясы арасында Қызылорда облысында қуаты 50 МВт болатын «Байқоңыр күн электр стансасын салу жобасын қолдау және ынтымақтастық туралы келісімге» қол қойылды. Оның аясында жобаға еуропалық қаржылық ұйым теңгемен 30 миллион доллар көлемінде кредит бөледі. Бұған қоса, Таза технологиялар қоры да жобаны 10,4 миллион долларға несиелендіреді. Бұл қаржыға космодром орналасқан өңірде 50 мегаваттық стационарлы күн электр стансасы мен жаңа подстанса тұрғызылады. Жоба өңірдегі көмірқышқыл газының жыл сайынғы ауаға шығарындыларын 75 мың тоннаға кемітпек.

Бұл мақсатқа ел үкіметі кезең-кезеңмен жетпек.

Бұл жоспарларға қол жеткізу тетіктері мен жолдарын қарастыруға осы «ЭКСПО-2017» көрме кешені орнында құрылған жасыл технологиялар және инвестжобалар орталығы өзінің сүбелі үлесін қосуы қажет.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз