15 қыркүйектен бастап республикада тұмауға және басқа да ЖРВИ-ге қарсы маусымдық вакцинацияға дайындық басталады.
— ЖРВИ мен тұмаумен сырқаттанушылық маусымы жақындап келеді. Ағымдағы эпидмаусымға бірыңғай дистрибьютор тұмауға қарсы 2 199 990 доза сатып алды, бұл республиканың жалпы халқының 11%-ын қамтуға мүмкіндік береді, — деген шенеуніктің сөзін «Қазақпарат» келтіреді.
Министр сондай-ақ вакцинацияланатын азаматтардың санаттарын да атады.
— Жүрек-тамыр жүйесі мен тыныс алу органдарының созылмалы аурулары бар адамдар, жиі ауыратын балалар, жүкті әйелдер, білім беру ұйымдарындағы балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, медицина қызметкерлеріне вакцина салынатынын еске салғым келеді. Әкімдер ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен бастап тұмауға қарсы егуді бастау бойынша шаралар қабылдау қажет, — деп түсіндірді Цой.