Бүгін Алматыда Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалық етуімен «Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» атты жеті томдық академиялық басылымды әзірлеуге қатысты редакция алқасының кезекті отырысы өтті.
Редакция алқасы жалпы дауыс беру арқылы одан әрі баспаға дайындау үшін басылымның екінші томының қолжазбасын бекіту туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ жеті томдық еңбектің үшінші томының мазмұнын талқылады.
Сондай-ақ, редакция алқасының Мұрат Әбдіров, Галина Ксенжик, Радик Темірғалиев, Кенжехан Матыжанов, Дихан Қамзабекұлы, Айдос Сарым, Ханкелді Әбжанов, Мәмбет Қойгелдиев, Меруерт Әбусейітова, Айгүл Сәдуақасова, Болат Көмеков, Ақан Оңғар, Жақсылық Сәбитов секілді өзге де мүшелері ойларын ортаға салды.
Жиын соңында редакция алқасы үшінші томды жетілдіру жұмыстарын жалғастыру және келесі отырыста «Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» атты академиялық басылымның төртінші томын қарастыру жөнінде шешім қабылдады.