Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қазақстан семіздік бойынша бірінші орында

354

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, қазақстандықтардың 25 пайызға жуығы семіздікпен ауырады.Мамандар артық салмақ жинаған азаматтар саны соңғы жылдары жылдам өсіп келе жатқанын айтады. Мәселен, ресми деректер бойынша, семіздікке шалдыққандар көлемі 10 пайыздан 15 пайызға көбеюіне 15 жыл кетсе, сырқаттанған қазақстандықтар үлесінің 15 пайыздан 20 пайызға артуына жеті жыл ғана жеткілікті болған», деп жазады басылым.

Семіздіктің белең алып кетуінің себебіне келгенде, мамандар екі түрлі пікір айтуда. Бірі мұны әлеуметтік ахуалдың жақсаруымен байланыстырса, екінші топ керісінше, тұрмыстың төмендігі себеп болатынын алға тартады.

«Статистикалық талдау жасаған кезде семіздік көрсеткіші мен жалпы ішкі өнімнің арасындағы тура байланыстың бар екенін байқауға болады. Яғни елдегі экономика өскен сайын, семіздіктің қоғамдағы үлесі де артып отырған. Қазақстанды Орталық Азия елдерімен салыстырсақ, онда жалпы ішкі өнімі ең жоғары біздің ел бірінші орында, ал Тәжікстан секілді кедей елдер ең төменгі орында орналасқан», – дейді Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы, әлеуметтанушы Серік Бейсембаев.

Ал, диетолог Нұрбану Жәлімбетова мұнымен келіспейді. Оның айтуынша, тұтынушылардың таңдауы қымбат астан тойымды тағамға ауыса бастаған.

«Жеміс-жидек, балық секілді тауарлар өте қымбат. Халық табысы азайған соң пайдалы, бірақ қолжетімсіз азықты емес, тойымды әрі арзан өнімдерді жиі тұтына бастады. Көкөніс пен жеміс-жидек жейтіндер азайып, макарон, картоп пен нан өнімдерін, консервіленген асты сатып алатындар көбейген. Ал олардың семіртетін тағамдар екені белгілі», – дейді маман.

Басылым «Статистика комитетінің деректері бойынша, жыл басынан бері ең қажетті тауарлардың құны орта есеппен 4 пайызға өссе, биылғы маусымның өзінде баға 7 пайызға артқан. Оның ішінде пияз – 81,1, картоп — 74,9, қырыққабат – 61,2, сәбіз – 38,1, сиыр еті 10,7 пайызға қымбаттаған. Әзірге мұның тұтынуға қалай әсер етіп жатқаны туралы ресми дерек жоқ» деп жазады.

Ескерту!

Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз