Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Қазақстан Ресейдің ақша аудару лимитіне түсіп қалды

533

Жеке тұлғалар төлем жүйесіне байланысты Қазақстанға ай сайын 100, 150 немесе 600 мың рубль (591, 888 және 3 546 мың теңге) жібере алады. Жоғарыда аталған елдерге – 100 мың рубльден (591 мың теңге) артық жіберуге болмайтын болды. Ресейде жұмыс істейтін Қазақстан азаматтары үшін бұл ыңғайсыздық тудырмай ма, Sputnik Қазақстан анықтады.

Шектеулер мигранттардың мүдделерін қозғамайды

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының Қаржылық технологиялар мен инновацияларды дамыту жөніндегі орталығының директоры Константин Пак шектеулер тұтынушылардың көпшілігінің мүдделерін қозғамайтынын айтты.

“Салыстырмалы түрде Ресейден жедел аударымдар жүйесінің үлесіне аз аударым көлемі — айына 17 млрд теңге (ҚР еңбек етуге қабілетті халықтың жиынтық ресми табысының 2%-нан кем) тиесілі. Бұл ретте аударымның орташа мөлшері 200 мың теңгеден ($524) аспайды.

Осылайша, шектеу аударымдардың көп бөлігін қозғамайды және тұтынушылардың кейбір ерекше сегменттеріне ғана қатысты болады”, – деп есептейді Пак.

Осыған ұқсас пікірді экономист Арман Байғанов да ұстанады:

“Еңбек мигранттарының орташа жалақысы ақша аударымдарын шектеу сомасынан бірнеше есе аз. Бұл шара оларға әсер етпейді. Шешім елден капиталдың кетуін азайту үшін қабылданды. Бұл әдеттегі тәжірибе”, — деді сарапшы.

Саясатқа қатысы жоқ

“Электронды ақша және ақша аударымдары” қауымдастығы кеңесінің төрағасы, Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің бас ғылыми қызметкері Виктор Достов осы елдер неге лимитке кіргенін түсіндірді. Оның айтуынша, Қытай – ұсақ сатып алушыларға арналған тауарлардың негізгі жеткізушісі және заманауи әлемдегі тауарлардың басты көзі. Қазақстан мен Қырғызстан Ресей мен ҚХР арасындағы аралық аумақ болып табылады.

“Жергілікті делдалдар тауарларды жеткізу рәсімін оңтайландырады, сондықтан ресейліктерге Қытаймен тікелей жұмыс істегенше солармен жұмыс істеген оңай.

Шара түсінікті, ашық және саясатқа қатысы жоқ

Ақша аударымдар нарығы өте күрделі жағдайда өмір сүреді: елдер арасында үнемі бәсекелестік жүріп жатыр, олар лимитті кезең-кезеңімен арттырады немесе төмендетеді, депозит талап етеді немесе алып тастайды”, – деп атап өтті Достов.

Сонымен қатар сарапшы қабылданған шешім экономиканың ашықтығын арттырудың жалпы арнасына енетінін, бірақ тұтынушы үшін өте ыңғайсыз екенін мәлімдеді.

“Көп жағдайда ақша аудару жүйесі арқылы аударымдар банктік операциялардан гөрі жылдам әрі оңай. Ресейдің Орталық банкі шағын және орта бизнес арасында трансшекаралық есеп айырысу үшін арнайы процедуралар құру және техникалық оңайлату мүмкіндігі туралы ойлануы керек”, — деді Достов.

2018 жылы Ресейден алыс шет елдерге жеке тұлғалар 34,56 млрд доллар, ТМД елдеріне – 13,29 млрд. доллар аударды. Ресей Орталық Банкінің деректері бойынша алыс шет елдерге бір аударымның орташа сомасы 177, ал ТМД-да 241 доллар болды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз