Нұр-Сұлтан
Қазір
-7
Ертең
-12
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Қазақстан нарығының ерекшелігі: мұғалімдерге қарағанда даяшылар көбірек жалақы алады

555
Savings

Статистика комитеті қазақстандықтардың жалақысының бөліну ерекшеліктері туралы көптеген деректі жариялады. Әйелдердің ер адамдарға қарағанда бір жарым есе төмен жалақы алатыны анықталды. Алайда

бағдарламалаушылардың жалақысына көптеген адам қызыға қарайды (тек рестораторлар емес)

Келесі мәселе: жұмысшының біліктілігі жалақысына қалай әсер етеді? Кім көбірек жалақы алады? Қазақстанның батысында мұнай саласындағы физикалық еңбек пе? Әлде республиканың оңтүстігіндегі кәсіпорынның басшысы ма? Еліміздің қай өңірінде ЖОО-ның оқытушысы лауазымынан кетіп, супермаркетке кассир болып орналасқан тиімдірек.

 Лауазымың өссе жалақың да өсетін мамандықтар

Статистика  комитетінің мәліметтері бойынша басшы немесе мемлекеттік қызметкердің (олар бір топқа біріктірілген) орташа жалақысы біліктілігі жоқ жұмысшыға қарағанда 4,5 есеге жоғары. Алғашқылардың орташа жалақысы  332,4 мың теңге, екінші топтағы адамдардікі – 73,5 мың теңге. Олардың ортасында мамандар, әкімшілер, жүргізушілер мен басқа да қызметкерлер орналасқан. Біліктілігі мен жауапкершілігі артқан сайын жалақсысы да артады.

Алайда барлық жағдайда бірдей  лауазымның өсуі жалақының көтерілуіне айтарлықтай әсер етпейді. Мәселен, Қазақстандағы пошта немесе жеткізу қызметіндегі біліктілігі төмен қызметкерлер орта есеппен 108,4 мың теңге алады. Осы кәсіпорындардың басшысы – 212,5 мың алады. Айырмашылығы – 2 есеге де жетпейді. Сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету немесе тергеу жөніндегі қызметтің жоғарғы және төменгі лауазымдағы қызметкерлерінің жалақысының арасында үлкен айырмашылық жоқ. Басшылары айына 214,1 мың теңге алса, біліктілігі төмен жұмысшылар 112,9 мың теңге алады.

Алайда бас компаниялар мен басқару мәселелері бойынша кеңес беру қызметіндегі жалақының арасы жер мен көктей. Мұндағы басшылар төменгі лауазымда жұмыс атқаратын қызметкерлерге қарағанда 21 есе жоғары жалақы алады (1,1 млн мен 52,9 мың теңге). Сақтандыру саласы мен зейнетақы қоры қызметіндегі қызметкерлердің жалақысына лауазымы айтарлықтай әсер етеді. Мұндағы орташа жалақы 66,6 мың теңге мен 864,4 мың теңгенің арасында.

Жоғары жалақы алатын біліктілігі төмен жұмысшылар

Біліктілігі төмен болса да жоғары жалақы алатын жұмысшылар бар. Мәселен:

  • Кен өндіру өнеркәсібінің қара жұмысшылары мектепке дейінгі мекеме басшыларына қарағанда көбірек еңбекақы алады (152 мың мен 124,4 мың теңге)
  • Ауылшаруашылығы саласындағы кәсіби мамандарға қарағанда құбыр желісімен тасымалдау саласындағы біліктілікті аса қажат етпейтін еңбектің жалақысы жоғары (166 мың мен 125,9 мың)
  • Қаржылық қызметтерді ұсыну саласындағы қосымша қызмет пен сақтандыру бойынша осы секілді қызметті атқаратын қызметкерлер айына орта есеппен 200 мың теңге алады. Бұл республикадағы орташа жалақыға жақын
  • Еңбекпен қамту саласындағы біліктіліктілігі төмен жұмыс күші мемлекеттік қызметкерге қарағанда жоғары еңбекақы алады (171,2 мың мен 160,8 мың)

Дегенмен көптеген мәселе тек қызмет саласына ғана емес, аймаққа да байланысты. Мәселен, Шымкенттегі кәсіпорындардың басшысы көршілес Түркістан облысындағы әріптестеріне қарағанда сәл де болса көбірек жалақы алады.  (220,3 мың мен 178,1 мың теңге). Бірақ олардың екеуінің де еңбекақысы алматылық басшылар (528,9 мың) мен Атырау облысындағы (705,5 мың) еңбекақы төлеу деңгейіне жете алмайды.

Кім көбірек жалақы алады: Қарағандыдағы массажит пе, Атыраудағы даяшы ма?

Егер Қазақстан бойынша түрлі саладағы қызметкерлердің жалақысын салыстыратын болсақ, таңғаларлық жайттарды байқауға болады. Мәселен:

  • Қызылорда облысындағы инженер-энергетик маманның орташа жалақысы 2,095 млн теңге. Ал республикадағы орташа жалақы 265,4 мың. Маңғыстау облысындағы инженер-технологтар өздерінің БҚО-дағы әріптестеріне қарағанда 5,5 есе көбірек жалақы алады. (656,5 мың мен 119,1 мың теңге)
  • Дәрігердің еңбегі Атырауда жақсырақ бағаланады. Олар айына – 221 мың теңге алады. Шымкенттік дәрігерлер  45% төмен жалақы алады: 124,1 мың теңге. Бірақ дәрігерлерге қарағанда қарағандылық массажистер әлдеқайда жоғары жалақы алады – 275,3 мың теңге.
  • Нұр-Сұлтандық кассирлер мұғалімдерге қарағанда көбірек жалақы алады – 143,8 мың мен 143,1 мың теңге.
  • Қызылорда облысындағы ЖОО-ның оқытушысының орташа жалақысы – 87,6 мың теңге, Шымкентте – 90,9 мың. Бұл аудандарда оларға қарағанда кассирлер мен сатушылар көбірек жалақы алады.
  • Атыраулық даяшылардың жалақысына (215,2 мың теңге) ауылшаруашылығының кез келген қызметкері қызыға да, қызғана да қарайды.
  • Маңғыстау облысындағы ұсталар орта есеппен айына 505,4 мың теңге аласа, токарлер – 408,1 мың алады. Басқа аймақтарда осыдан екі есе төмен жалақысы бар жұмысты табу қиын.
  • Алматылық троллейбустардың жүргізушілері айына 299,2 мың теңге алады. Оңтүстік мегаполистегі  фельдшерлердің орташа жалақысы – 117 мың, медбикерлердікі – 105,6 мың, ал мектептегі мұғалімдер – 150 мың алады.
Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз