Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Қазақстан мен Украинаның ауыл шаруашылық ынтымақтастығы арта түспек

Бұл бағыт қазақстандық-украиналық ынтымақтастықты дамытудың ең негізгі «драйверлерінің» бірі екендігі туралы баса айтылды. Қазақстанда ет және сүт мал шаруашылығы, майлы дақылдарды өңдеу, ауылшаруашылық машина жасау және тағы да бірқатар ірі бірлескен жобалар табысты жүзеге асырылуда. Қазақстандық инвесторлар өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру, оларды сақтау және өңдеу бойынша Украинадағы жобаларға инвестициялар құюда – әзірге бірнеше элеваторлар мен ұн тартатын диірмендер салынды.

Сонымен қатар, басқа да бірқатар ірі жоба пысықталуда. Олардың іске асырылуы өзара іс-қимылды жаңа сапалы деңгейге шығаруға мүмкіндік береді. Сұхбаттасушылар осы бағытта қосымша күш-жігер салуға және осы мақсатта бейінді министрлердің өзара сапарларын ұйымдастыруға, сондай-ақ іскерлік делегациялармен алмасуға келісті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз