Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Қазақстан Қытайға бес миллиард текше метрге дейін газ экспорттайтын болды

“ҚазТрансГаз” АҚ директорлар Кеңесінің төрағасы Қайрат Шәріпбаевтың пікірінше, қазақстандық газды тасымалдаудың транзиттік және экспорттық бағыттарын әртараптандыру, сондай-ақ көгілдір отын экспортының көлемін ұлғайту – мемлекет басшысы белгілеген стратегиялық міндет. Қытайға қазақстандық газды экспорттау туралы уағдаластыққа қол жеткізуге экспортқа бағытталған тасымал жүйесін қалыптастыру жөніндегі өте ауқымды және күрделі жұмыстар арқылы қол жетті: “Бейнеу-Бозой-Шымкент” газ құбыры салынды, “Қазақстан-Қытай” магистральдық газ құбырының үшінші тармағын пайдалануға енгізу және жоғары технологиялық “Бозой”, “Қараөзек” компрессорлық станциялары мен “Ақыртөбе” сығымдау компрессорлық станциясының салынуы. Кездесуде аталып өтілгендей, қазақстандық газды Қытайға жеткізу екіжақты өзара тиімді қарым-қатынастарға, сондай-ақ Еуразия елдері арасында инфрақұрылым құруға және сауда, көліктік байланыстарды жолға қоюға бағытталған “бір белдеу, бір жол” бастамасы шеңберінде ынтымақтастық қарым-қатынастарын бірлесіп қамтамасыз етуге және ілгерілетуге ықпал ететін болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз