Қазақстан көмек ретінде Қырғызстанға 41 миллион доллар көлемінде алғашқы траншын жасады.
Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады. Еуразиялық экономикалық интеграция жағдайында экономикалық ықпалдастықты дамытуға бөлінген қаржылы көмек Қырғызстанның кедендік, ветеринар және карантин қызметін жетілдіруге бағытталады.
Еске сала кетелік, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы 2016 жылдың желтоқсанында жасалған келісім бойынша, Қазақстан 100 миллион доллар бөледі. Қырғызстан тарапына техникалық демеу бұл елдің ЕАЭО Келісіміне қосылу бойынша Жол картасы жобасын іске асыруға бағытталған.
“Демеу көрсету арқасында Қырғыз Республикасы қысқа уақытта экономикасын ЕАЭО-талаптарына бейімдей алады”, – делінген хабарламада.