Черногорияның Будвада қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы Өзбекстанды артқа тастап, жалпыкомандалық есепте көш бастады. Қазақстандық боксшылардың жетеуі финалға шығып, соның алтауы алтыннан алқа тақты. Боксшыларымыз 6 алтын, 1 күміс, 10 қола медаль иеленді.
51 кг: Бексұлтан Боранбек – алтын.
67 кг: Төрехан Сабырхан – алтын.
75 кг: Санжарәлі Бегалиев – алтын.
50 кг: Елянұр Тұрғанова – алтын.
66 кг: Ұлдана Таубай – күміс.
81 кг: Аружан Зейноллаева – алтын.
Жалпы жүлде кестесі:
Қазақстан – 6 алтын, 1 күміс,10 қола.
Өзбекстан – 5 алтын, 5 күміс, 3 қола
Ресей – 5 алтын, 2 күміс, 1 қола
Қытай – 3 алтын,3 күміс, 4 қола
Ирландия – 3 алтын.
Айта кетейік, Будва бәсекесінің жартылай финалында Қазақстан құрамасы сапынан 17 спортшы (8 ер, 9 әйел) сынға түсті. Оның ішінде 10 боксшы жеңіліске ұшырап, қола жүлде еншіледі.