Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының 20-шы сессиясы өтті

Айта кетерлігі, соның ішінде күні кеше «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына Ақмола облысы атынан енген тұлғалар да бар.

Сессияны ашқан өңір басшысы өз сөзінде Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың жүргізіп отырған салиқалы да сарабдал саясатының арқасында егемендік алғаннан бергі жылдарда Қазақстан дүниежүзілік қоғамдастықта тұрақтылық, бейбітшілік және түсіністіктің жарқын үлгісін көрсетіп келе жатқандығын атап өтті.

«Ұлттар мен ұлыстар достастығы – біздің мемлекеттің басты байлығы және мақтанышы деп білеміз. Бұған әлем куә. Халықтар достығы – біздің басты жетістігіміз. Міне, дәл осы принциптерді ескере келе Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құрды. Бүгіндері бұл ұлтарлық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтудың азаматтық институтына айналып отыр», – деді Мәлік Мырзалин.

Сессия барысында этномәдени бірлестіктердің атынан Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының төрағасы Мәлік Мырзалиннің орынбасары болып «Видергебурт» облыстық немістер қоғамының төрайымы Светлана Корнеева тағайындалды.

Өз сөзінде Корнеева өңірлік Ассемблея филиалының жұмысын жетілдіруге бар күшін салатынын айтты.

«Жылдан жылға Ассамблеяның қоғамдық өмірдегі маңызы мен рөлі артып келеді. Осы себепті де осынау ұйымды барынша жетілдіріп, оның әлеуметтік ортадағы беделін көтере түсуге білек сыбана үлес қосатын боламын», – деді Светлана Корнеева.

Ал сессияның соңында аймақ басшысы Мәлік Мырзалин өңірлік Ассамблея белсенділерін «Қазақстан халқы Ассамблеясына – 20 жыл» медалімен, ҚХА бірлігі алтын медалімен,  «Құрмет» грамотасы және Алғыс хатпен марапаттады.

Айта кетсек, бұл шара осымен бірнеше жыл бойына дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатыр.

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз