Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Қазақстан елшісі Македонияның премьер-министрімен кездесті

122

Кездесуде Қазақстан-Македон қарым-қатынастарының жай-күйі мен даму келешегі талқыланды деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Тараптар екіжақты қарым-қатынастарды жандандыруға, жаңа өзара тауар айналымының көлемдерін ұлғайтуға және келісімдерге қол қою арқылы шарттық-құқықтық базаны кеңейтуге мүдделік білдірді. Аталған кездесуде екі елдің сауда саласындағы және іскерлік байланыстарына серпін беруге тиіс екіжақты үкіметаралық экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссия құру қажеттігі атап өтілді.

Зоран Заев 2018 жылы Астана Экономика форумының жұмысына қатысуға қызығушылық білдірді. Македондық премьер-министр құқық саласындағы ынтымақтастыққа әзірлігін растады.

Үкімет басшысы македон тарапы жарты жылда бір рет үш айға дейінгі мерзімде Македонияға келетін Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим енгізу практикасын жалғастыратынын атап өтті.

Қазақстан Елшісі Зораевты Қазақстанның сыртқы саяси және халықаралық бастамаларымен, республикамыздың даму бағдарламаларымен, шетелдік инвесторлар үшін инвестициялық преференциялармен, Астанада өткізілген ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің қорытындысымен таныстырды, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығы құрылғандығы туралы хабардар етті.

Сонымен қатар, елшінің Македония Сыртқы істер министрлігінің басшылығымен кездесуі болды. Жүздесулерде македон тарапы екіжақты қарым-қатынастардың барлық саласы бойынша Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға мүдделігін білдірді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз