Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
13
USD
442
-2.48
EUR
476
-1.91
RUB
4.86
+0.01

Қазақстан экономикасы – Орталық Азиядағы ең ірі экономика, сондықтан баяу өсуде – экономистер

254
Қазақстан және ОА елдері

Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) Орталық Азия елдерінің алдағы бір жарым жылға және алдағы бес жылға арналған экономикаларының даму перспективаларына болжас жасады. 2021 жылы ОА елдері арасында ЖІӨ-нің нақты болмашы ғана өсімі Қазақстанда (3,2%), ал ең жоғары өсімі Қырғызстанда (6%) деп күтілуде. Одан кейін Өзбекстан (5%), Тәжікстан (5%) және Түрікменстан (46%) тұр.

Дереккөзі: ranking.kz

Құлдырағаннан кейін қалпына келтіру

Экономист Вячеслав Додоновты бұл цифрлар таңқалдырмайды. Ол Қырғызстандағы ЖІӨ-нің ең жоғары болжамды өсуін 2020 жылы экономикалық құлдырау оларда ең жоғары (-8%) болғанымен байланыстырады. Ал қатты құлдырау болған кезде, соңынан көбінесе айтарлықтай өсу байқалады.

— Қазақстанда құлдырау тиісінше 2,6% деңгейінде болды және оны қалпына келтіру де  төмен деңгейде болады. Сондай-ақ, атап өткен жөн,

белгілі бір елде ЖІӨ неғұрлым аз болса, экономика қолайсыз жағдайларға соғұрлым осал болады. Ол дағдарыс кезінде қатты төмендейді және кейінгі қалпына келтіру кезінде көбірек көтеріледі

Экономика неғұрлым төмен болса, соғұрлым жеңіл “қозғалады”. Қазақстанда экономика ірі — қалғандарының ЖІӨ-н біріктіріп алғандағыға қарағанда көп болғандықтан, пандемиядан кейінгі дағдарыстан соң да баяу “қалпына келеді”.

Вячеслав Додонов. Фото: inform.kz

Салыстыру үшін, әлемдегі ең мықты американдық экономика аса құлдырамады және серпіліс те аз болады. Ресей экономикасы да солай – шамамен 2–3% ауытқу бар, – дейді экономист.

Болжамдар орындалмайды

ОА елдері бойынша бес жылға арналған болжамға келетін болсақ, Додонов мұндай ұзақ мерзімге болжам жасаудың пайдасыз екеніне сенімді. Халықаралық ұйымдардың болжамдары көптеген жағдайларда орындалмағанын көрсеткен тәжірибелер арқылы бұл бірнеше рет расталды. Сонымен,

болжамдарда 2019 жылдың ортасындағы дағдарыс туралы мүлде айтылған жоқ. Дәл осындай жағдай 2007 жылы да болды, ол кезде де ешкім жаһандық қаржы дағдарысы болатыны туралы болжаған жоқ

– Халықаралық ұйымдар үшін баяндамалар мен есептер беру – дәстүрлі жағдай. Ол ондаған жылдар бойы өмір сүріп келеді және олар бұл жұмысты орындауға міндетті. Әдетте, болжам ағымдағы жағдайлар мен қарқындарды ескере отырып жасалады. Сондықтан мұндай болжамдарға сабырлылықпен қарау керек және олардың жоғары сенімділікпен орындалатынына сенбеу керек”, — дейді Вячеслав Додонов.

Дамусыз өсу

Әлемдік экономика және саясат институтының (ӘЭСИ) сарапшысы Мағбат Спанов 2020 жылы экономикалық белсенділіктің бұрын-соңды болмаған құлдырауын ескере отырып, ДЭФ болжамы өте нақты деп санайды. Алайда, ОА экономикаларында ЖІӨ-нің ресми өсуі болады, бірақ нақты емес. Себебі бұл елдерде инфляцияның өсуін ешкім жойған жоқ.

Шын мәнінде, дамусыз өсу пайда болуы мүмкін — бұл термин экономикалық ғылымда жиі кездеседі. Қазақстанға үшін не маңызды екенін анықтау керек –экономикалық өсу ма әлде инфляциямен күрес па?

Экономист экономиканың өсуін қолдайды, өйткені бұл қажет болған жағдайда әлеуметтік көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Ал инфляциямен күрес экономиканың өсуіне жол бермейді.

– Әрине, маңызды фактор – бұл биылғы жылы мұнай бағасының өсу үрдісі қарқын алады. Мұнайдың орташа күтілетін құны 2020 жылға қарағанда жоғары

Ал бұл Қазақстанның экономикасы сүйенетін негізін қалаушы элемент болып табылады.

Мұнайдың өсуі және әртараптандыру

Бірақ экономикалық өсу туралы айтқанда, Қазақстанда өндірілетін мұнай ресурстарының негізгі бөлігі оның шегінен тыс жерлерге әкетілетінін ұмытпаған жөн. Негізгі табыс трансұлттық корпорацияларға түседі. Іс жүзінде, Қазақстанның жылына өндіретін 80-90 млн тонна мұнайының тек үштен бір – төрттен бір бөлігі ғана өзіне тиесілі.

Мағбат Спанов

Биылдан бастап енгізілген жаңа ережеге тағы да назар аударғым келеді: мұнай секторынан түсетін салық түсімдерінің басым бөлігі Ұлттық қорға емес, тікелей бюджетке түсетін болады. Менің ойымша, бұл үкіметтің үлкен әдістемелік қателігі.

Бұл, шын мәнінде, бюджет қаражатын тиімсіз жұмсау үшін карт-бланш береді

Ұлттық қордан қаражатты бөлу қатаң бақыланады және жұмсалатын қаражаттың себебін дәлелдеуге есеп талап етеді. Біздің ойымызша, бұл қадам Үкіметтің экономиканы әртараптандыруға және “шикізат инесінен” түсуге деген ұмтылысына қайшы келеді”, – деді Спанов.

Өзбекстандағы жағдай

ХВҚ-ның ОА елдеріндегі экономикалық өсу жөніндегі болжамын бағалай отырып, болжам жасау үшін басшылыққа алынған статистика барлық жерде бірдей сенімді емес екенін түсіну керек.

— Ал, Өзбекстанға келсек,

оларда 2020 жылы құлдыраудың алу мүмкіндігі туды, өйткені Президент Мирзиеев пандемия кезінде шетелдік қаржы топтарының өкілдерімен және Өзбекстаннан тыс жерлерде басқа елдердің басшыларымен көп кездесті

Олармен салыстырғанда, Қазақстанда іскерлік белсенділік ол кезде мүлде болған жоқ. Негізінен, осы қырынан қарасақ, бұл кезеңде негізгі ауыртпалық премьер-Министрге түсті.

Өзбекстанға қатысты тағы да айтатын болсақ, нақты экономикалық реформалар Мирзиеев келгеннен бастап бес жыл бұрын басталғанын атап өткен жөн. Бірақ олардың әсері қазір ғана байқалып жатыр – демек, экономиканың өсуі осыдан басталған. Менің ойымша, алдағы бірнеше жылдар бойы Өзбекстанның экономикалық көрсеткіштері Қазақстанға қарағанда жоғары болады”, – деп болжайды Спанов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз