Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Қазақстан дүнгендері қауымдастығының басшысы: «Бұны қазақтар жасаған жоқ!»

219
Х. Дауров. Сурет Facebook-тағы парақшасынан алынды

Бүгін Қордайда көптен күткен қар жауды. Биылғы жылы қыс өте жылы болды. Жылы болғанына қуанғанмен, шаруа иелері қардың жаууын күткен еді. Қар жаумаса су көлемі азайып, егін түсімі төмен болады. Бірақ бұл қардың орны ерекше, себебі ол жақында болған трагедиялық оқиғаның ізін жасырды. Бүліктің нәтижесінде 11 адам қаза болып, екі жүзден астам адам жарақат алды, жүздеген үйлер мен дүкендер, автокөліктер өртелді. Жиырма мыңнан астам әйелдер, балалар мен қарттар көршілес Қырғызстанға қашуға мәжбүр болды…

Неліктен бұндай жағдай орын алды? Бейбіт азаматтарды не үшін өлтірді? Заманауи және құқықтық Қазақстанда осындай әрекеттерге жол беруге бола ма? Бұл

Абай, Шоқан Уәлиханов, Қожа Ахмет  Яссауи, Абылай хан мен Қасым ханның, Төле би мен Қазыбек бидің ұрпақтарының қолынан шыққан әрекет пе?

Жеті атасын білетін, өзінің батырлары мен қаһармандарын дәріптейтін текті қазақ ұрпағы осындай әрекетке бара ма? Олар Ұлы Отан Соғысы жылдарында Кеңес Одағының түпкір-түпкірінен қоныс аударылған миллиондаған адамдарды құшақ жая қарсы алған халық өкілдері  ме?  Кавказдан, Қиыр Шығыстан депортацияланған мыңдаған этнос өкілдеріне баспана мен тамақ ұсынған халықтың өкілі ме?

Жоқ!!! Бұны қазақтар жасаған жоқ! Бұны ұлттық және ксенофобиялық үндеулерді тыңдаған қарақшылар, жеңіл пайданы көздеген тонаушылар, арандатушылар мен  тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді қолдамайтындар, түрлі-түсті рефолюция технологиясы бойынша жұмыс істейтін шетелдік эмиссарлар жасады.

Қазақтар керісінше бізді ажал аузынан құтқарып қалды. Қуаныш деген фермер бірнеше дүнген отбасын өзінің үйіне жасырған. Айнұр, Азамат, Соня есімді дәрігерлер балалары бар ондаған дүнген отбасыларына пана болған. Кеңес ауылының жасы үлкен тұрғыны бір топ адамның ортасынан екі жігітті шығарып алып, үйіне кіргізген, шай берген. Мұндай фактілерді көптеп келтіруге болады.

Әрине, қақтығыстың туындау себебін әлі де жан-жақты зерттеу керек. Біздің еліміздің саналы азаматтары: Ұлтшылдық пен ксенофобия – Қазақстанның болашағына, тәуелсіздігі мен халықаралық беделіне қауіп төндіретінін түсінеді. Билік, президент, үкімет, барлық қазақстандықтар бұл проблема мен оның туындау себебі туралы ойланып, ұлтшылдық пен ксенофобияны, радикалдық көзқарастарды жоюдың жүйелі шараларын қабылдау керек.

Жергілікті билік, құқық қорғау органдары да дер кезінде көмек көрсете алмады. Ауылдық әкімдердің бірі сол күні мас болып, бүліктің алдын алу шараларын қабылдаудың орнына адамдармен ұрысып, ес-түсін білмейтін жағдайда жүрген.

Ең жоғары адамдық қасиеттерді көрсетіп, патриот екенін дәлелдегендер де бар. Олардың қатарында облыстың бұрынғы әкімі А. Мырзахметов пен ІІБ бастығы А. Оразалиевті атауға болады. Олар ОМОН-дар және ауыл тұрғындарымен бірге шепте тұрып, қылмыстық орданың тегеурініне төтеп берді. Өз өмірлерін қауіпке тігіп, Ұлттық гвардия жасағы келгенше жергілікті жастарға қолдау көрсете білді.

Сырттан келгендерді жергілікті қазақтар да тоқтатып, бүліктің алдын алып, көршілері мен олардың отбасын қорғауға тырысты. Осы ауылдың байырғы тұрғыны қазақ ақсақал  мен полиция қызметкері маған оқ атуға тырысқан қарақшыларды тоқтатып, менің өмірімді құтқарып қалды. ҚазТаг агенттігінің кезекші редакторы Әмір де шұғыл тәртіпте келіп, оқиға орнынан хабар таратты. Ол сол арқылы дабыл қағып, көмектің тезірек келуіне себеп болды. Мыңдаған қазақ, қырғыз және басқа этнос өкілдері зардап шеккендерге көмек көрсетіп, мыңдаған босқындарды қабылдады.

Қазіргі таңда  облыс әкімі Б. Сапарбаевтың басшылығымен үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр. Ішкі істер министрінің бұрынғы орынбасары ІІБ жаңа басшысы болып тағайындалды, ол облыстық құқық қорғау органдарының жұмысын ретке келтіріп, осы жағдайға жол берген кінәлілерді анықтауы керек.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде:

«Бейбітшілік пен қоғамдық келісім біздің мемлекетіміздің негізін құрайды. Үкімет мүшелерінен құралған комиссия шығын көлемін бағалап, зардап шеккендердің мүлкін қалпына келтіру шараларын қабылдау керек. Қаза болғандар мен жарақат алғандардың отбасыларына қажетті көмек көрсетілсін. Кінәлілер қатаң жазалансын.

Біздің еліміз бұдан да қиын кезеңдерде бірлігінен айырылмаған. Жекелеген азаматтар, соның ішінде арандатушылар  арам пиғылын жүзеге асырып, біздің ортақ құндылығымызға зиян келтіруіне жол бермейміз. Мені отандастарымыздың басым бөлігі қолдайтынына сенімдімін. Азаматтарды жалған әңгімелерге ермей, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде тәртіпке шақыру органдарына көмек көрсетуге шақырамын.

Мемлекеттік органдар өз тарапынан орын алған проблеманы шешу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды».

Біз де ауылымызда тәртіп пен бейбітшілік орнату үшін үкімет қолынан келген жұмыстар атқаратынына, кінәлілердің жазаланып, шығындардың өтелетініне сенімдіміз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз