Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қазақстан Ауғанстандағы террористік актіге байланысты мәлімдеме жасады

Көптен-көп зардап шеккен ауған халқы осы жолы ДАИШ жүзінде халықаралық терроризм тарапынан жүзеге асырылған және сайлаудың алдындағы Ауғанстандағы ахуалды тұрақсыздандыруға мақсат еткен арсыз және қатал әрекеттерге тап болды.

Халықаралық террористік ұйымдар содырлары тарапынан жүзеге асырылған осындай әрекеттерінің Қабыл тарапынан елдегі ішкі саяси жағдайды тұрақтандыруға бағыттаған бастамаларына кедергі келтірмейтініне кәміл сенеміз”, — деп жазылған мәлімдемеде.

Қазақстан терроризмнің кез келген көрінісіне қарсы ымырасыз күресті өзінің толық қолдайтынын растай отырып, терроризмге қарсы кең ауқымды халықаралық коалиция құру арқылы осы бағыттағы халықаралық әрекеттерді үйлестіруді барынша нығайтуға шақырады.

“Адамгершіліктен жат бұл қасіреттердің ұйымдастырушылары мен насихатшылары анықталып, қатты жазаға тартылу қажет.Қаза тапқандардың жанұялары мен жақындарына, Ауғанстанның халқы мен үкіметіне азалы көңіл білдіре отырып, жарақаттанғандардың тез арада сауығуын тілейміз”, — делінген мәлімдемеде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз