Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қазақстан әскерилері «Танк биатлоны-2018» байқауында бар мүмкіндігін паш етпек

145

Көптеген мемлекеттің әскери-техникалық мүмкіндігін айшықтап көрсететін осынау – «Танк биатлоны» халықаралық әскери аламаны 2014 жылдан бері үзбей өткізіліп келе жатыр.

Қазақстандық танк экипаждарының әлем чемпионатына дайындығы пысықталды

Еліміз болса өз кезегінде осынау шараға тұрақты түрде қатысып келе жатқан мемлекеттердің бірі де бірегейі.

Жарыстағы басты талап – арнайы кедергілерден мүдірмей өтіп, белгіленген қашықтықты тез арада меңгеру. Осынау жарыс әскери тәжірибені пысықтау мен әскери техниканы меңгеру машығын тексеруге арналғанын айта кетелік.

Біріншілік ережесіне тоқталар болсақ, танк биатлоны жеке және ұжымдық болып жарысатын екі кезеңнен тұрады.

Осынау аламанға қазақстандық әскерилер қарқынды дайындық жүргізіп жатыр. Астана өңірлік қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары, полковник Юрий Асқаровтың айтуына қарағанда, қазақстандық танк экипаждары әзірлікті ерте бастан бастап кеткен.

 Аягөздің «Майлин» полигонындағы танк биатлонына дайындық барысына тоқтала кеткен Юрий Асқаров өз сөзінде:

«Биылғы жылы дайындықты сәл ертерек бастадық. Мінекей, алдарыңызда Қазақстан бойынша ең үздік деп таңдап алынған әйгілі экипаждар өз дайындықтарын паш етіп жатыр. Сарбаздарымыз танктің тілін меңгеру мен қауіпті кедергілерден өту бойынша өте жоғары нәтижелер көрсетуде. Ендігі жердегі басты мақсат – уақыт жылдамдығын нақты пысықтау. Себебі, барлығы уақытқа байланысты. Бұл шарада біз әскерилеріміздің қалай шыңдалғанын көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар үздік тәжірибемізді де паш етеміз», – деді.

Айта кетелік, еліміздің командасында жалпы 21 әскер бар. Оның 4-еуі – экипаж мүшелері. Қазіргі таңда жаттығу дайындығы Т-72А танкісімен арнайы полигонда жүріп жатыр.

Аягөз қаласындағы №10810 әскери бөлімі, 2 танк батальонының аға білікті маманы, жүргізуші Думан Байжановтың атап өткеніндей сарбаздардың барлығы төселген, тәжірибеден өткен.

Қазақстандық танк экипаждарының әлем чемпионатына дайындығы пысықталды

«Мысалға, мен осынау «Танк биатлоны» жарысына осымен 6-шы жыл қатарынан қатысып келе жатқан жайым бар. Мен үшін Қазақстанымның қарулы күштерінің мықтылығын дүниежүзі елдерінің алдында асқақтатып көрсету ерекше абырой және де өте жауапты іс. Айта кетейін, танк биатлонында экипаждардың ең жоғарғы деген көрсеткіші – 19 минут екен. Мінекей, біз осы нәтижені жаңартуды алдымызға мақсат тұтып отырмыз», –  дейді сарбаз. 

 2018 жылы күллі әлем назар аударатын танк биатлоны Мәскеудің маңындағы Алабино полигонында 28 шілде және 11-ші  тамыздың аралығында өтпек. Әскери жарысқа қатысуға барлығы 24 мемлекет өтініш білдірген екен.

Қазақстан әскерилері былтырғы жылғы халықаралық танк биатлонынан 2-ші орын иеленген еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз