“Қазақстан” ұлттық арнасын “Қабатовстан” арнасы деп атай береміз-ау.
Бір емес, бірнеше бағдарламасын ең ыңғайлы уақытта көлдей ғып эфирден көрсетеді.
Көрсетсін, мақұл, аман болсын. Бірақ, неге айтысты бөрі тартқан тоқтыдай қылып жұлмалайды екен, ә. Әзіл ойдан жоғары, күлкі тағылымнан жоғары болды деген осы міне.
Бір айтысымыз шығып еді,
40 минуттық айтысты 17 минуттық қылып арасын әкәку-сәкәкумен толтырған да тастаған. Өз сөзімізді өзіміз танымай отырмыз, басқаларға өкпе бар ма…
…Ішіңнен мойындағың келмесе де,
Ағайын ақиқат деп осыны біл.
Тұрсынбек Кәкішовтің емес қазір,
Тұрсынбек Қабатовтың ғасыры бұл”, – деп жазады айтыскер желідегі парақшасында.
https://kaz.365info.kz/tamakh-pisire-almajsyn-kyjeuim-khyjrykhtan-bir-tepti-297744
stan.kz