Қазақстан әлемдегі ірі экономикалар қатарында 36-орынға жайғасты. Бұл туралы Халықаралық валюта қорының деректеріне негізделген рейтингте айтылған. Бұл туралы 365info.kz сайты КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Тізімде еліміздің жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 973 миллиард доллар деп бағаланған. Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша Сингапурдан 989 миллиард доллар (464,1 триллион теңге) кейін, ал Румыниядан (949 миллиард доллар) алда тұр.