Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-7
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Қазақстан 2020: теңге әлсіреп, кейбір банктер өз жұмысын тоқтатуы мүмкін

311
ca-portal.ru

Ұлттық валюта туралы

Осы жылы теңге әлсірейді. Halyk Finance аналитиктерінің  бұл пікірі шындыққа жанасады. Олар барлығы ішкі факторға байланысты деп есептейді. Қазақстан мұнай бағамына тәуелді, ол экспорттың 70% пайызын құрайды.  Ал әлемдік нарықта мұнай көлемі шектен тыс көп. Мұнайдың молдығы бағаға қысым көрсетуде.

«Осы қысымның нәтижесінде көмірсутек бағасының уақытша көтерілгенін байқадық. Бұл Сауд Арабияның инфрақұрылымына жасалған шабуылдан және Иранның беделді әскери қызметкерін АҚШ өлтіруінен болған Таяу Шығыстағы шиеленіскен жағдайдың әсері.

Біздің бағалауымызша, Брент маркалы мұнайдың құны 2020 жылы орта есеппен алғанда бір баррелге $62 құрайды, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 3,4%-ға төмен,

— дейді  Halyk Finance.

Әлемдік экономикаға коронавирустың ықпалы туралы да естен шығармау керек. Бұл аурудың тарауы Қытай мен оның сыртындағы серіктестерінің іскерлік белсенділігіне өз әсерін тигізіп үлгерді. Нәтижесінде шикізат тауарының сұранысы төмендеді. Себебі Аспан асты елі әлемдегі ең ірі тұтынушылардың бірі. Вирустың айналасындағы жағдай инвестициялық, тасымалдау-логистикалық, туристік және басқа салаларға да ықпал етті.

Осы сыртқы фактордың барлығы теңге бағамына әсер етпей қоймайды.

Halyk Finance болжамдарына сәйкес, 2020 жылы ұлттық валютаның құны арзандайды

«Біз 2020 жылы ұлттық валюта ағымда есепшоттың аясында дефицитке тап болып, жыл соңына қарай 3-4%-ға әлсірейтінін жоққа шығармаймыз, — деп есептейді сарапшылар.

ЕДБ экономикаға әсер етпейді

2019 жылы банк секторының көрсеткіштері жалпы алғанда жоғары деңгейде болды. Нақтырақ айтқанда, активтер мен  қарыз портфелінің көлемі артады. Сондай-ақ жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың салымдары артқан. Halyk Finance-тің бағалауы бойынша, ЖІӨ-ге ЕДБ беретін несие 22,3%-дан 21,4%-ға, депозиттер  27,6%-дан 26,1%-ға дейін төмендеген. Яғни отандық экономикаға банктердің әсері төмендей бастады.

«Бұның бір себебі — қазақстандық экономиканың құрылымдық проблемалары. Біздің экономикамыз экспортқа шығаратын табиғи ресурстарға қосылатын құнның үлесі төмен және мемлекеттің араласу деңгейі жоғары.

Мемлекеттік қолдаудың тиімділігі төмен болғандықтан, ШОБ-ның баяу дамуы соның бір көрінісі,

сондай-ақ, мемлекеттің жалақыны көтеру бойынша іс-шаралары әлі де болса жетпеген секторлардағы нақты табыстың баяу өсуі де осы себептен.

Бұл жағдай жекелеген банктердің корпоративтік басқару сапасының төмендігінен одан әрі ушығып, банктердің капиталына қысым көрсететін және кредиттеу мүмкіндіктерін шектейтін жасырын проблемалық қарыздар көлемінің көбеюіне алып келді, — деп есептейді сарапшылар.

Банктер саны азаюы мүмкін

2020 жылы түбегейлі өзгерістерді күтудің қажеті жоқ: банктердің рөлі әлсірейді, кредиттік саясатта бизнеске емес, халыққа басымдылық беріледі.

Дегенмен барлығы AQR нәтижелеріне, ең бастысы  — Ұлттық банк қолданатын шараларға байланысты. ЕДБ есептерінің талдамасы Ұлттық банктің қандай да бір шара қолданатынын көрсетіп отыр.

«ҚЕХС 9 бойынша қаржы есебіне сәйкес банктер жариялаған күйзелістік қарыздар (2-кезең мен 3-кезеңге жататын қарыздар)  ҚРҰБ ұсынған статистикада көрсетілген NPL көлемінен айтарлықтай көбірек екені белгілі болды.

Сондай-ақ кейбір банктерде есептелген және нақты жинақталған пайыздық пайданың арасында үлкен айырмашылық бар. Осыған байланысты проблемалық қарыздар деңгейі төмендеген деп есептейміз. Шындығына келгенде олардың үлесі әлдеқайда жоғары болуы мүмкін,  — деп есептейді сарапшылар.

2020 жылы:

  •  банктер санының қысқарады;
  • Жекелеген ЕДБ жүздеген миллиард теңгеге капитал алады деп күтіледі.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз