Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Қазақша боқтай салам…”. Айжан Байзақова осылай деп бөсті

354

Бойжеткен инстаграмда танымал болу үшін бір жыл уақытын сарп еткенін айтты.

https://kaz.365info.kz/aruakhtan-khorykhsanshy-ajzhan-bajzakhova-abajdyn-anin-mazakh-khyldy-video-302005

“… Инстаграмға 2012 жылы тіркелдім, бас кезінде артық ештеңе жарияламайтынмын.

Бір күні құрбым менің қазақ тілінде боғауыз сөз айтып жатқанымды видеоға түсіріп, сториз (инстаграмдағы уақытша видео – ескерт.) жариялады. Осыдан кейін жұрт шулап, бәрі менің парақшама жазыла бастады. Біздің халыққа былапыт сөздер, ашық-шашық түскен суреттер керек.

Оған дейін пайдалы дүние жазғанымда ешкім елемейтін, қызық емес өйткені”, — деп ағынан жарылды бойжеткен.

Танымал блогердің айтуынша, қазақ тілінде бейпіл сөйлеу анағұрлым “тиімдірек”.

https://kaz.365info.kz/bir-khorap-temekeni-tartyp-tastadym-bajzakhova-ozinin-khalaj-khamalganyn-ajtty-298224

“Негізі, екі тілде де қазақша, орысша айта беруге болады. Бірақ қазақ тілінде боқтаған жақсы”, – дейді ол.

Бүгінде әлеуметтік желідегі парақшасына жазылғандардың 60 проценті 24 пен 30 жас аралығындағы қыздар екен.

“Әу баста, 80 проценті жігіттер болатын, қазір 60 проценті – қыздар. Инстаграмда да, телеграмда да өзім отырамын, пост жазып, жариялаймын. Командам түсірілімге көмектеседі, жарнама мәселесін келіседі. Қалғаны – менің жұмысым”, — дейді Айжан.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың 17-желтоқсанында Айжан Байзақова Zakova түнгі клубында қыздар арасында тыр жалаңаш шешінуден сайыс өткізіп, қоғамдық тәртіпті бұзған болатын. Осы қылығы үшін Instagram жұлдызы үш тәулік қамауда отырып шықты. Сайыс шарты бойынша тыр жалаңаш шешінген қызға 50 мың теңге сыйақы берілген. Әлеуметтік желіде пайда болған видеода жалаңаш қыз бір қырынан көрінеді, ал жүргізуші конкурс шартын түсіндіріп, өзгелерді қатысуға шақырып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз