Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-7
USD
523
-0.42
EUR
548
-0.97
RUB
5.06
+0.01

Қазақ тіліне қарсы реформалардың авторы Сағадиев емес екен. Кім сонда?

267

Қазіргі уақытта мамандарды даярлау Қазақстан Республикасының Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мамандықтар жіктеуішіне (классификаторына) сәйкес жүргізілуде.

Аталған құжат ЖОО-ның мамандықтар бойынша білім беру қызметін атқару құқығын беретін лицензияларды алуға негіз болады. Бұл лицензия ЖОО-на оқу бағдарламаларын, оның ішінде қазақ тілі мен әдебиеті бағдарламаларын әзірлеп, іске асыру мүмкіндіктерін береді. 2017 жылдың 1 ақпанынан бастап ешқандай да жаңа жіктеуіш қолданысқа енгізілген жоқ. Алдағы 2017-2018 оқу жылына да ондай жоспарлар белгіленбеген.

Жаңа жіктеуішті дайындау және қолданысқа енгізуге ұзақ уақыт қажет – орта есеппен, бұл жұмысқа 1-2 жыл жұмсалады. Жіктеуіштегі мамандықтарды өзекті қылу жұмыстары белгіленген тәртіп бойынша, 5 жылда бір реттен жиі жүргізілмейтінін атап өту қажет. Оған нарықта жоғары білімді мамандарға деген сұраныс мониторингінің нәтижелері негіз бола алады.

Сонымен қатар, жаңа жіктеуіш жобасы дайындалатын болса, ҚР Білім және ғылым министрлігі бұл құжатты бекітпес бұрын, ең алдымен мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, оның ішінде жұмыс берушілер мен академиялық қоғамдастықтардың қарауына беріп, келісімдерін алады.

ҚР БҒМ баспасөз қызметі

Түйін. Біріншіден, “жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды” деген бар. Жоба бар деген сөз, күндердің күнінде ол қолданысқа енгізіледі деген сөз. Осы мәселе жөнінде БҒМ баспасөз қызметі өкілімен 2 сағаттай (белгісіз себептермен аты-жөнін жасырып қалуды өтінді) әңгімелестік. Неге министр Сағадиев мырза бізге сұхбат беріп, мәселені жай-жаспарымен түсіндірмейді? Енді жауап беретін болды. Министр мырза қазір Шымкентте жүрген көрінеді. Астанаға келісімен “Abai.kz” порталына сұхбат береді. “Әліппе дауы” мен “Сауат ашудағы” шикіліктер, электрондық күнделік, ҰБТ сұрақтарындағы жылтыраған жұлдыздар мен ЖОО “қазақ тілі”, “қазақ әдебиеті”, “шығыстану”, “лингвистика” секілді пәндер төңірегіндегі түсініспеушілік, т.б. “қоғамда қордаланып жатқан сұрақтардың барлығына жауап берілетін болады” деп сендірді министрлік өкілі.

Екіншіден, БҒМ өкілі жоғарыдағы аты дардай академиктердің сөзін жоққа шығарып, мұндай құжаттың мүлде жоқ екенін айтты. Сонда кім өтірікші, БҒМ ма, әлде Әбдуали Қайдар, Шора Сарыбаев, Рәбиға Сыздықова, Серік Қирабаев, Өмірзақ Айтбаев, Мәмбет Қойгелді, Айгүл Ісмақова, Ұлан Еркінбай сынды академиктер мен профессорлар ма? “Бұл кісілердің әлгі хатқа қол қойған, қоймағаны белгісіз” деді министрлік өкілі. Оны да анықтаймыз. Алдағы уақытта жоғарыда аттары аталған ғалымдардың әрқайсысының пікірін жариялаймыз.

Үшіншіден, БҒМ өкілінің мына сөзі құлағыма жақты. “Ешкім өз халқына қастандық жасамайды”. Сөйтсек, Сағадиев тұсында қабылданып жатқан реформалардың авторы – алдыңғы министрлер екен. “Бұл реформаларды “Сағадиев реформасы” деп атайды. Шынында олай емес. Бұл Сәрінжіпов мырзаның алдында басталған реформалары. Ерлан Сағадиев мырза тек орындаушы ғана. Реформа деген 10-15 жылда жасалатын үлкен жұмыс. Оның ұсақ-түйегіне дейін қаралуы маңызды. Әйтпеген де ол – қылмыс”, – деді өкіл.

Төртіншіден, Білім және ғылым министрлігі атынан Жоғарғы білім департаменті басшысы Жонтаева Жаңыл Алпамысқызы “Abai.kz” порталына сұхбат береді. “Сауат ашудағы” сауатсыздықтар мен ЖОО негізгі пәндердің жойылып кетуі төңірегінде кеңірек әңгіме өрбітетін боламыз.

Бесіншіден, қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде министр Сағадиев мырзаның отставкаға кетуін талап еткен ұсыныстар гулеп жүр. Мәселе әбден ушыққаны тағы рас. Бұл ретте біз, “Abai.kz” порталы аталған істі аяғына дейін жеткізуді қолға алдық. БҒМ-дағы түйткілді мәселелер, олардың рухани әм саяси-идеологиялық қауіпі, қаржылық шығындар мен басқа да өзекті мәлелерді талқылайтын боламыз.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз