Пхенчхандағы Олимпиадада 4×6 шақырымдық эстафетада биатлоннан Қазақстан құрамасы жүлдесіз қалды.
Бұл жарысқа Қазақстан құрамасының атынан Галина Вишневская, Ольга Полторанина, Алина Райкова және Дарья Климина қатысқан еді.
Жарыс жолына бірінші болып шыққан Вишневская жолда екі рет құлап, Қазақстанның жүлдесіз қалатынын әу бастан байқатты. Нәтижесінде біздің құрама 14-ші орында қалды.
Ал эстафетаның алтын медалін Белоруссия құрамасы жеңіп алды. Бұл құраманың сапында Қарағандыда туып-өскен Динара Әлімбекова бар.