«Алтынкөл» кеден бекетінде жүк контейнерлерінен кедендік рәсімдеуден өтпеген шамамен 4 тонна қара шай табылды.
Алматы облыстық мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерінің мәліметінше, декларацияда белгіленбеген тауарды қырғыз компаниясы қабылдап алмақ болған.
Аталған заңбұзушылыққа қатысты қазір тиісті шаралар қолданылып жатыр. Кірістер комитеті осылай мәлімдеді.