Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-4
USD
494
+1.68
EUR
520
-3.35
RUB
4.97
-0.03

Қазақ-қырғыз шекарасы: Шектеу алынып, адамдар қуанып жатыр

“Енді жақсы болды. 5-10 минутта өтіп кеттім. Бұрындары таза қиын болып қалды ғой. Апталап жатты ғой балалар”, – дейді қырғыз азаматы Жеңісбек Атабеков.

Бекеттегі қарбаластың саябырсуы бекер емес. Өткен жұмада екі елдің президенттері Белорусь астанасы Минскіде шекара бойынша келісімге келген еді. Сол кезде Нұрсұлтан Назарбаев шиеленісті реттеу үшін жол картасы әзірленетінін айтқан. Көп ұзамай қырғыз үкіметінің мүшелері Астанаға ұшып келіп, қайта келіссөз жүргізуге мәжбүр болды. Бірақ біздің үкіметтің қырғыз әріптестеріне қойған бірнеше міндеті бар.

“Жол картасына қол қойылғаннан кейін біз кедендік, салықтық, ветеринарлық, және фитосанитарлық бақылауды әдеттегідей талаптарға сай жүргізетін боламыз. Қырғызстан тарабы аталған талаптарды мұқият орындауға міндеттеме алды. Оның үстіне Қазақ-қырғыз шекарасындағы ахуалды Еуразиялық экономикалық комиссия өкілдері де қадағалайды”, – дейді ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мәмин.

Ал ресми Бішкек Еуразиялық одақтың талаптарын енді бұзбауға уәде беріп отыр. Сондықтан  Қазақстан «жол картасын» қабылдап, шекарадағы шектеуді азайтқан. Ендігі мәселе Қырғызстанның сол мойына алған міндеттерін қалай орындайтынында боп тұр. Себебі біздің елге сөзінде тұратын сенімді саяси серіктес қажет. Негізі қазақ-қырғыз шекарасындағы дау екі ай бұрын басталған. Өйткені, құдайы көршіміздің кәсіпкерлері Еуразиялық экономикалық одақтың көптеген талаптарын бұзды. Тіпті, Қытайдан ағылатын контрабанданы айтпағанда, жалған декларация толтырып, салықтан жалтарғаны анықталған еді. Осыдан соң Қазақстанда тексерісті барынша күшейтуге мәжбүр болды.

Бірақ бұл Қазақстан шекарасын айқара ашып тастайды деген сөз емес.  Жүк көліктері мен тауарлардың айналымы бұрынғысынша тексеріле береді. Ал қос елдің Үкіметтері арасындағы келісім алдымен қырғыздарға өте пайдалы. Өйткені бюджетіне түсетін кіріс қайта көбейеді.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз