Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-11
USD
524
+0.41
EUR
550
-0.35
RUB
5.01
+0.08

Қазақ халқының бағына туған кемеңгер көшбасшы

363
Forbes.kz
Уақыт дәл осындай көшбасшыны талап етті. Бұл қаз тұрып қалыптасқан тәуелсіз елдің тарихи кезеңде, сындарлы шақта тізгінін қолға алды әрі үдеден шыға білді. Тарихқа сәл шегініс жасасақ.  Мәңгілік мызғымастай көрінген алып Кеңес Одағы ыдыраған тұста Қазақстанның экономикалық та, әлеуметтік те ахуалы мүшкіл еді. Елді жаппай жұмыссыздық жайлап, дүкен сөрелері қаңырап, жоқшылық пен таршылық қыспаққа алды.

Міне, осындай өліара кезең, алаңкөңіл шақта салиқалы саясаткер, көреген стратег Нұрсұлтан Назарбаев тарих сахнасына шықты. Тәуелсіздікті тұғыр еткен Қазақ елінің жаңа басшысы білгені мен түйгені мол жаңашыл, ой-санасы креативті идеяға толы тұлға еді. Мінекей, содан бері ширек ғасырдан астам уақыт кезеңінде Елбасының парасат-пайымымен, жетекшілігімен экономикалық-әлеуметтік салада сан түрлі сәтті жаңғыруды өткердік.

Мемлекет басшысы елімізді әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосуға барлық алғышарт жасады. Сол межелі міндеттен, абыройлы мінберден шығу үшін тиісті құзіреттер атқа қонған. Соған сәйкес, бүгінде республикамыз Президенттің ұйытқы болуымен геосаяси қатынасты реттеп, әлем елдерімен берік байланыс орнатты. Достық ниетке негізделген көрші Ресеймен тарихи қарым-қатынас жанданып, Еуразиялық экономикалық одақтың аясында түрлі жобалар жолға қойылған. Қытаймен стратегиялық серіктес орнап, «Бір белдеу – бір жол» бағдарламасы көкжиегін кеңейтті. Өзбекстанмен өзара ықпалдастықтың жаңа парағы ашылса, жалпы ТМД және Азия елдерімен өзара тиімді қатынастарды дамудың даңғыл жолына түскен. ХХІ ғасырда Қазақстан мен АҚШ кеңейтілген стратегиялық серіктестікке қол жеткізсе, Еуропа одағымен сауда және инвестиция саласында байланыс жалғасын тапқан. Әрине, бұл тізімді ұзын-сонар қылып жалғастыра беруге болады. Бұл ретте, тек экономикалық, саяси байланыспен бірге, рухани, тарихи тамырластық та қасиетті Сарыарқа даласына тән құбылыс екендігі анық.

Мінекей, осылайша бейбітшілікті ұстанған Қазақстан әлем елдері үшін Орталық Азиядағы көшбасшы ретінде сенімді серік, кеңесер жолдасқа айналды. Кезінде талай ел Қазақстан Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалығын құптады. Бұл да Нұрсұлтан Назарбаевтың беделі байқатса керек. Ал Қазақ жерінде қабылданған Астана декларациясының бұйдасы бөлек, орны ерек. Семей полигонын жауып, Қазақ мемлекетінің ядролық қарусыздануға қатысты батыл ұстанымын шетелдік өкілдер бұл жасампаз елдің ғана қолынан келеді деп мойындаған. Берекесі қашқан араб елдерін бірлікке шақырған Қазақ елі Сириядағы қасіретті соғысты бейбіт жолмен реттеуді, дағдарыстан шығуды ұсынды. Саясаты сағымдай құбылып, тұрмыстары сабындай бұзылған елдердегі қақтығысты тоқтатуға шақырды. Бүгінге дейін дін саласында күрмеуін таппаған бірқатар мәселенің түйінін тарқатуға арнап жыл сайын Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының жиынын өткізу де Елбасының идеясы.

Бұған қоса, талай жылдан бері күрмеуі көп күрделі мәселенің бірі – Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі анықтау еді. Толғауы терең бұл түйткілдің де Қазақ жерінде шешімін табуы да Елбасының ерлігін танытса керек. Әрине, айта берсек мысал көп. Бәрін бір посттың айналасында жазып шығу мүмкін емес.

Ең бастысы, жаһандық мәселенің жілігін шағып, майын ішкен ел Президенті қандай келісім болса да, мемлекет мүддесін, ұлт бірлігін алдыңғы орынға қоя білген сұңғыла көшбасшы, мықты стратег екенін дәлелдей білген біртуар тұлға.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз